Сәке — Қазақстанда түсірілген комедиялық телехикая. Веб-хикая 2020 жылы жарық көрді. Хикая «Salem Social Media» компаниясы мен BAS production продюсері Ақылбек Досжан бірлесіп түсірді. Режиссері — Олжас Нұрбай. Хикаяның бірінші маусымы жақсы қаралым жинағандықтан екінші маусымын түсіруге шешім қабылданып, 2021 жылы 27 шілдеде түсірілім басталып, сол жылы 6 қыркүйекте аяқтады. Екінші маусымның алғашқы сериясы 2021 жылы қазан айында жарыққа шықты.

Желісі Оқиға Сәке деген атпен танымал Саят Саматұлының төңірегінде өрбиді. Ол — сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқанымен, өзін адал, әділ әрі мейірімді мемлекеттік қызметші ретінде көрсетіп жүрген аймақтық өңірдің әкімі. Ол жергілікті тұрғындардың түрлі мәселелерін шешіп, көмек сұрағандарға қолдау көрсету арқылы белсенді қызмет атқарып жүргендей кейіп танытады. Алайда оның игі істері сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жасырудың ғана амалы болып табылады. Сәке түрмеге түсіп қалуы мүмкін екенін ойлай бастаған кезде, заңсыз жолмен табыс табудан бас тартып, заңға бағынатын азамат болуға шешім қабылдайды.

Рөлдерде Рүстем Омаров — Сәке, Саят Саматұлы немесе Саят Саматович Асан Мәжит — Азамат Ерболат Әлқожа — Дәурен Азамат Әбділдинов — Арман Дулыға Ақмолда — Қанат Бақытжан Әлпейісов — Ілияс Жомартұлы Азиз Бейшеналиев — Ермек Қасымұлы Карина Кудекова — Ләззат Нариман Егімбеков — Әлихан Нышанбек Жұбанаев — Талғат

Бөлімдерінің тізімі Маусым Серия Көрсетілу күндері Алғашқы сериясы Соңғы сериясы 1 16 15 қазан 2020 19 ақпан 2021 2 20 14 қазан 2021 11 наурыз 2022

1-маусым Жалпы № Серияның № Атауы Режиссер Сценарист Экранға шыққан уақыты Көрермендер (млн адам)

2-маусым Жалпы № Серияның № Атауы Режиссер Сценарист Экранға шыққан уақыты Көрермендер (млн адам)

Тағы қараңыз Шекер (хикая) Патруль (хикая) Алас (хикая)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан телесериалдары