Ербол Дәненұлы Адаев (1978 жыл, Қостанай облысы) — қазақстандық саясаткер, тарихшы және заңгер, 2026 жылдан бастап «Әділет» партиясының атынан сайланған 1-шақырылған Құрылтай депутаты және партияның Құрылтайдағы фракциясының жетекшісі.

Бұрын Дәненов Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі (2025–2026) болатын.

Өмірбаяны Ербол Адаев 1978 жылы Қостанай облысында дүниеге келген.

1999 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Қостанай облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жастар саясаты бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Жұмысын 2001–2002 жылдары Қостанай облысы әкімі аппаратында ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы болып жалғастырды.

2002–2003 жылдары Қостанай облысы ішкі саясат департаменті ақпараттық саясат және қоғаммен байланыс бөлімінің, 2003–2004 жылдары облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы болды.

2004–2005 жылдары — Қостанай қаласы әкімінің кеңесшісі. 2005 жылғы қаңтардан қарашаға дейін Қостанай қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бастығы, 2005–2006 жылдары Қостанай қаласы әкімінің бас инспекторы болды.

2006 жылғы ақпаннан тамызға дейін Қостанай облысы әкімі орынбасарының көмекшісі болды.

2006–2007 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті Электрондық БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы болды.

2007–2010 жылдары Парламент Сенаты баспасөз қызметінің бас консультанты, бас сарапшысы болды.

2010–2013 жылдары — Парламент Сенаты Аппараты басшысының көмекшісі, редакциялық-баспа бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты. 2013–2017 жылдары Сенат аппаратында ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас консультанты, 2017–2022 жылдар аралығы бөлім меңгерушісінің орынбасары болды.

2022–2025 жылдары Президент Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі болды.

2025 жылғы 17 ақпаннан бастап Президент Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болды.Ербол Адаев қызметінен босатылды

2026 жылғы 27 тамызда I шақырылымдағы Құрылтай депутаты болып тіркелді. 28 тамыздан бастап — Әділет партиясының Құрылтайдағы фракциясының жетекшісі.Определен состав Президиума и Комитетов Курултая РК

Марапаттары «Құрмет» орденімен және басқа да мерейтойлық медалдармен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Қостанай мемлекеттік университеті түлектері Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері Санат:Қазақстан Құрылтайының I шақырылымының депутаттары