Ацтек империясы (классикалық науатльше: Ēxcān Tlahtōlōyān), сондай-ақ Үштік одақ немесе тарихи атауы Теночка империясы атымен белгілі науатльтілді мешикалар құрған ортағасырлық мемлекет. Империяның негізін Мехико алқабында орналасқан Теночтитлан, Тецкоко және Тлакопан қалалары қалаған. Ацтек империясы 1428 жылдан бастап оны испан конкистадорлары мен олардың жергілікті одақтастары 1521 жылы басып алғанға дейін өмір сүрді. Империяны мекен еткен адамдары мен қоғамына қатысты тарихи тұрғыдан Ацтектер немесе Кульхуа-мешикалар атауы қолданылады.
Үштік одақ Азкапоцалько қаласы мен оған тәуелді аумақтар арасындағы азаматтық соғыс нәтижесінде туған. Басында империя өзін-өзі басқаратын үш қаланың одағы ретінде құрылғанымен, араларындағы астанасы болып бекітілген Теночтитлан қаласы әскери тұрғыдан басым болды. Испандар келген 1519 жылға қарай одақтағы басым рөлге Теночтитлан шығып, одақтың басқа мүшелері оған тәуілді рөлге түсіп қалған.
Одақ құралғаннан бастап бірқатар соғыстарды жүргізіп, жаңа аумақтарды жаулауға кірісті. Өзінің шарықтау кезеңінде одақ Орталық Мексиканың көп бөлігін билігінде ұстады. Сонымен қатар Хоконочко секілді Мезоамериканың алшақ аумақтарын және қазіргі Гватемала аумағындағы ацтектердің экславын да билік астында ұстады. Ацтектердің билігін тікелей емес, гегемония құруға негізделген деп сипаттауға болады. Ацтектер жаулап алған қалалардың бұрынғы басшыларының билігін сақтай отыра өздеріне алым-салық төлеуге мәжбүрлеп отырған. Алым-салық қатарында ацтек әскеріне жауынгерлерді де беру міндеттелді. Есесіне империялық билік басып алған аумақтарды қорғап, саяси тұрақтылық пен үлкенірек экономикалық желіге қосылуға мүмкіндік берді.
Этимологиясы Үштік одақ құрғандар өздеріне қатысты Ацтек ұғымын қолданған емес. Бұл ұғым Испан жаулауына дейін Орталық Мексикада мекен еткен науатльтілді адамдарға немесе мешикаларға қатысты түрлі дәрежеде қолданылған. Ацтек сөзі науатльдегі ацтекаль (Азтлан адамдары) сөзінің жекеше түрі. Ол науалардың шығуын білдіретін мификалық жерді білдіреді.For the purpose of this article, Aztec refers only to cities that constituted or were subject to the alliance. For the broader use of the term, see the Aztec civilization article.
Дереккөздер
Санат:Ацтектер Санат:Мексика тарихы