«Украина тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі () — Украина президентінің ерекшелік белгісі және Украина мемлекеттік марапаты. Мемлекет тарихында айтулы болған Украина тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай азаматтарды лайықты марапаттау мақсатында құрылған.

Тарихы Украина Президентінің ерекшелік белгісі — «Украина тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі Украина президенті Пётр Порошенконың 2016 жылғы 17 ақпандағы Жарлығымен тағайындалды. Аталған жарлықпен Мемлекеттік наградалар және геральдика жөніндегі комиссияға медальмен наградтау шарттарын бекіту, медальдың үздік эскизіне арналған бүкілукраиналық конкурс өткізу, сондай-ақ 2016 жылғы 15 сәуірге дейін медаль туралы ереженің жобасын және конкурс қорытындыларын ескере отырып, медаль суретінің жобасын енгізу тапсырылды. 2016 жылғы 29 сәуірде Украина Президентінің Жарлығымен ерекшелік белгісі туралы ереже, медальдың және дипломның үлгілері бекітілді.

Жарлығы Мерейтойлық медальмен Украина азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар марапатталады. Мерейтойлық медаль қайтыс болғанға марапатталмайды. Мерейтойлық медальмен марапаттауға кандидаттарды ұсыну Украина мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну және оларды тапсыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады. Азаматтарды мерейтойлық медальмен марапаттау туралы өтініштер белгіленген үлгідегі марапаттау парақтарымен бірге облыстық, Киев қалалық мемлекеттік әкімшіліктері және басқа да мемлекеттік органдар арқылы Украина Министрлер Кабинетіне ол белгілеген тәртіппен енгізіледі. Мерейтойлық медальмен марапаттау туралы ұсынысты Украина Министрлер Кабинеті дайындап, Украина Президентінің қарауына енгізеді. Мұндай ұсыныс қағаз және электрондық нұсқада тізім түрінде ұсынылады. Ұсынысқа тиісті марапаттау парақтары қоса беріледі. Азаматтарды мерейтойлық медальмен марапаттау туралы ұсыныс Украина Президентінің қарауына тиісті күннен кемінде бір ай бұрын енгізіледі. Мерейтойлық медальмен марапаттау Украина Президентінің Жарлығымен жүзеге асырылады. Мерейтойлық медальмен марапатталған адамға медаль және А4 форматындағы белгіленген үлгідегі диплом тапсырылады.

Тағылу тәртібі «Украина тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі кеуденің сол жағына, Украина Президентінің «Украина тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалінен кейін тағылады. Марапатталған адам мерейтойлық медальдің орнына планканы (нысанды киімде) немесе миниатюрасын (азаматтық киімде) тағуға құқылы. Планка кеуденің сол жағына тағылып, дәл сондай ретпен орналастырылады. Миниатюра да кеуденің сол жағына тағылады.

Тағы қараңыз «Украина тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі Украина марапаттары

Дереккөздер

Санат:2016 жылы құрылған марапаттар Украина тәуелсіздігіне 25 жыл Санат:Украина президенті ерекшелік белгілері Санат:Мерейтойлық медальдар Санат:2016 жылы Украинада пайда болғандар