Генерал-майор Михаил Васильевич Драпатый (; 21 қараша 1982, Каменец-Подольский) — украиналық әскери қайраткер, 2026 жылғы 21 шілдеден бергі Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы және 2025 жылғы 3 маусымнан бергі УҚК біріккен күштері қолбасшылығының қолбасшысы.
2024 жылдан 2025 жылға дейін ол Украина Құрлықтағы әскерлерінің қолбасшысы еді. Сарапшылар оны 2014 жылдан бері қызмет етіп келген «тәжірибелі қолбасшы» деді.
Жас жылдары және білімі Драпатый 1982 жылғы 21 қарашада Хмельницкий облысындағы Каменец-Подольский қаласында туған. Жоғарғы сынып бітіргесін ол Харьков танк әскері институтында білім алды. 2004 жылы оқуын бітіріп, Белая Церковьта орналасқан 72-жеке механикаландырылған бригадасында лейтенант ретінде қызмет етті. 2017 жылы ол Украина ұлттық қорғаныс университетін тәмамдады.
Мансабы Драпатыйдың алғашқы командирлігі майор шенінде, 72-жеке механикаландырылған бригаданың екінші батальонының командирі ретінде басталды. Оның батальоны 2014 жылғы сәуірде Украинаның шығысына жіберіліп, сол жылғы мамырда Мариуполь шайқасына қатысты. 9 мамырда қарулы сепаратистер Мариуполь полиция бөлімін басып алуға әрекет жасады. Драпатыйдың батальоны тұтқындарды босату және стансаны қорғап жатқан бөлімшелерді күшейту үшін брондалған көліктермен жіберілді. Төрт брондалған көлік колоннасының басын бастаған Драпатыйдың БМП-сы баррикаданы соғып өтті. Бұл туралы бейнежазбалар халықаралық жаңалықтарға шейін жетті.
Сол жылдың маусым айында бірінші және екінші батальондар 3-арнайы күштер полкы, 24-жеке механикаландырылған бригада, 51-жеке гвардиялық механикаландырылған бригада және 79-жеке әуе шабуыл бригадасымен бірге Ресей шекарасы бойымен шабуылға жіберілді. Оларға сепаратистерді Ресейден бөліп тастау міндеті жүктелді. Олар 160 шақырымнан астам жол жүріп, бірнеше елді мекендерді бақылауға алды, дегенмен, ақырында Луганск облысының Червонопартизанск маңында Ресей мен Донецк Халық Республикасының күштері қоршауға түсті, 4–7 тамыз аралығында мен дүркіндетіп ату реактивті жүйелері зымырандарының атысына түсті.
Шабуылдан шығу үшін олар Ресей басып алған 40 шақырым аумақтан қолдаусыз және сенімді байланыссыз өтуге мәжбүр болды. Бірінші батальон беріліп, қаруларын жойып, жақын маңдағы Ресей шекарасынан шегінді. Драпатый қалған бөлімшелерді Донецк облысының Зеленополье қаласына бастап барды, ал 7 тамызда ол 260 сарбаз бен 30 әскери техникамен бірге үш күн бойы шайқастан шықпақ болады. Шығу сәтті өтті, бұл оларға Украина шекараларына оралуға мүмкіндік берді, бұл процесте бір сарбазынан айырылды.
Батальоны қайта құрылғаннан кейін Драпатый подполковник шенін алды, 2014 жылы Украина ұлттық қорғаныс университетіне оқуға түсті және оқуын бітіргеннен кейін 30-жеке механикаландырылған бригаданың штаб бастығы және командирінің бірінші орынбасары болды.
2016 жылы Драпатый 58-жеке мотоатқыштар бригадасын басқарды. 2022 жылы Ресей Украинаға соғыс ашады да, Драпатый Херсон қаласының қорғанысына бет бұрады, сол жылғы қарашада Херсонды азат ету операциясына қатысады.
2024 жылғы ақпанда Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына Александр Сырский тағайындалады да, Драпатый оның командасына кіреді. Сол жылғы қазанда Драпатый генерал-майор атанады.
2025 жылғы 1 маусымда Ресей Днепропетровск облысындағы полигонға шабуыл жасайды да, 12 украин азаматы қайтыс болады. Осы үшін жауапкершілікті жеке өз басына алған Драпатый отставкасын жариялайды. Сол жылғы қазанда ол УҚК біріккен күштері қолбасшылығының қолбасшысы атанды.
Драпатый 2026 жылғы 21 шілдеде кешке даулы Александр Сырскийдың орнына Украина Қарулы күштерінің Бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл шешімге Президент Зеленский ірі наразылық шараларынан кейін Қорғаныс министрінің міндетін атқарушысы Евгений Хмара мен Президент кеңсесі басшысының орынбасары бірге келді.
Өз өмірі Михаил Драпатый үйленген және оның екі баласы: қызы мен ұлы бар.
Марапаттары Драпатый — бірнеше жоғарғы мемлекеттік марапаттың иегері, әрі Богдан Хмельницкий орденінің толық кавалері.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Украина әскерилері Санат:Генерал-майорлар (Украина) Санат:Украина ұлттық қорғаныс университеті түлектері Санат:Украина Құрлықтағы әскерлерінің қолбасшылары Санат:Украина шығысындағы әскери қақтығыс қатысушылары Санат:Ресейдің басып кіруінен Украина қорғанысы қатысушылары (2022) Санат:Украина Қарулы Күштерінің бас қолбасшылары