Бауска () — Латвиядағы қала, Бауска аймағының әкімшілік орталығы. Ол елдің сыра астанасы болып саналады. Бауска қаласының халқы 2026 жылы 8 912 адамды құрады.

Географиялық орналасуы Бауска қаласы Лиелупе өзенін құрайтын Муса мен Мемеле өзендерінің арасында, Ригадан солтүстікке қарай 66 км, ал Латвия-Литва шекарасы оңтүстікке қарай 19 км жерде орналасқан. XVI ғасырда Баускада алғашқы тас ғимарат салынды. 1609 жылы қоныс қала құқығын алды.

Тарихы Бұл аймақты ежелгі заманда семигал тайпалары, яғни семигалдықтар мекендеген. Археологиялық қазба жұмыстары адамдардың бұл аймаққа шамамен 3500 жыл бұрын қоныстанғанын көрсетті. 1433 жылы тевтон рыцарлары осы аймақта қоныс тепті және өз билігін нығайту үшін үлкен бекініс салды. Бекініс Вайрогмиестс деп аталды. 1450 жылы мұнда қамал салынды.

1736 және 1740 жылдар аралығында Бартоломео Франческо Растрелли осы жерде — герцог Биронның жазғы резиденциясы қызметін атқарған Рундал сарайын салды. Бауска өзінің ғасырлар бойғы тарихында көп нәрсені бастан кешірді. Бұл жерде ал поляктар, шведтер және орыстар соғысты. Ол өтіп бара жатқан әскерлермен өртеліп, талан-таражға түсті, Ал 1711 жылғы оба ауруы қала халқының көп бөлігін жойды. 1706 жылы Петр I қаланың бекіністерін қиратуды бұйырды. Бауска поляк-швед соғысы мен Солтүстік соғыс кезінде қатты зардап шекті.

1812 жылы қала алты ай бойы Наполеонның пруссиялықтарының қолында болды. Кейінгі барлық соғыстар қалаға белгілі бір дәрежеде әсер етті. Ұлы Отан соғысы кезінде қала шекарасында қиян-кескі шайқастар болды. 1944 жылы бомбалау кезінде қала ғимараттарының үштен бір бөлігі қирады. 1916 жылы қалада алғашқы электр стансасы салынды (оны қаланы басып алған немістер салған).

Экономикасы және инфрақұрылымы Бауска сырасы соншалықты танымал, сондықтан Бауска Латвияның сыра астанасы деп аталады. Бұл жерде екі әйгілі сыра қайнату зауыты орналасқан. Сырадан басқа, Бауска балаларға арналған сусындарды да ұсынады. Veseliba, Porteris, Jesala dzeriens сусындарының барлығы осында жасалады. Saule компаниясының консервіленген өнімдер мен тоқыма бұйымдарын шығаратын шеберханалары бар.

Көрікті орындары Бауска өзінің әсем табиғатымен және тарихи ескерткіштерімен танымал, мысалы, XV ғасырда салынған және Курлянд герцогтарының резиденциясы болған Бауска бекінісі. Баускада жергілікті өнімдер мен қолөнер бұйымдарын сатып алуға болатын базар да бар.

Баускадағы ең көрікті жерлер: Бауска бекінісі — XV ғасырда салынған бұл қамал сәулет стильдерін ұсынады және мұнда жергілікті тарих мұражайы орналасқан. Мезотне сарайы — XVIII ғасырда салынған барокко сарайы Латвияның ең әсерлі сәулет інжу-маржандарының бірі. Онда кең бақшалар, мұражай және сәнді қонақ үйі бар. Рундал сарайы — сарай кешені Латвиядағы ең әсерлі сарайлардың бірі, барокко және рококо сәулет стильдерінің қоспасы. Қасиетті Троица шіркеуі — бұл шіркеу 17 ғасырда салынған және барокко сәулет өнерінің жарқын үлгісі болып табылады. Ол таңғажайып витраждармен және күрделі фрескалармен безендірілген. Бауска базары — жаңа піскен өнімдер, қолөнер бұйымдары және кәдесыйлар сияқты әртүрлі тауарларды сататын жергілікті базар.

Дереккөздер

Санат:Латвия қалалары