Есет Берікұлы Байкен (23 қазан 1986 жыл, Баршын, Нұра ауданы, Қарағанды облысы) — қазақстандық саясаткер, заңгер және экономист, 2026 жылдан бастап Ұлытау облысының әкімі.
Өмірбаяны Есет Байкен 1986 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген.
2005 жылы ҚазГЗУ Гуманитарлық заң колледжін, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2010 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша — заңгер және экономист.Байкен Есет Берикулы (персональная справка)
Еңбек жолын 2008 жылы Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы бастаған. 2009–2010 жылдары аталған басқарманың инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы болған.
2010–2016 жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратында жұмысын жалғастырып, әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы, әкімнің бас инспекторы, әкім аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
2016–2019 жылдары Президент Әкімшілігі басшысы хатшылығының сарапшысы, Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған.
2019 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданын басқарды.
2019–2020 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары, әкім аппаратының басшысы, 2020–2022 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданының әкімі, 2022–2026 жылдары Нұр-Сұлтан (кейін Астана) қаласы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарды.Анықтама. Байкен Есет Берікұлы
2026 жылғы 17 шілдеден бастап ол — Ұлытау облысының әкімі.Е.Б. Байкенді тағайындау туралы
Отбасылық жағдайы Байкен үйленген, үш баласы бар.
Дереккөздер
Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті түлектері Санат:Ұлытау облысының әкімдері