Асадхожа Зохидхожаұлы Мойдинхожаев (; 8 мамыр 2001 жыл, Риштан ауданы, Ферғана облысы, Өзбекстан) — өзбекстандық әуесқой боксшы, жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Ол Париж-2024 Олимпиада ойындарының чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионы және 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. Жетістіктері Олимпиада ойындарының чемпионы: 2024 Әлем чемпионы: 2023 Азия чемпионатының қола жүлдегері: 2022 Мансабы Мойдинхожаев 2023 жылы Ташкентте өткен IBA ерлер арасындағы әлем чемпионатында 71 кг салмақта алтын медаль жеңіп алды. Финалда қазақстандық Дулат Бекбауовты жеңді.
2024 жылғы Париж Олимпиадасында ол 71 кг салмақта Өзбекстан құрамасы атынан сынға түсті. Жартылай финалда АҚШ өкілі Омари Джонсты жеңіп, финалға шықты. Финалда мексикалық Марко Алонсо Верде Альваресті 5:0 есебімен жеңіп, Олимпиада чемпионы атанды. Марапаттары 2023 жылы «Өзбекстан Республикасында еңбек сіңірген спортшы» құрметті атағымен марапатталды. 2024 жылы «Өзбекстан ифтихори» құрметті атағы берілді.
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан боксшылары Санат:2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Өзбекстан Олимпиада чемпиондары Санат:Бокстан Олимпиада чемпиондары Санат:Бокстан әлем чемпиондары