Леда — Спарта патшасы Тиндарейдің әйелі.
Ежелгі грек мифологиясының аңыздарына сәйкес найзағай құдайы Зевс оны көргенде, ғашық болып қалады. Бірақ өз жары Гераның қызғанышынан аман қалу үшін аққудың кейпіне енеді. Сөйтіп Леда жұмыртқалап, балаларын табады.
Тиндарей Ледаға былай кездеседі: Лакедемон патшасы Гиппокоонт оны Спартадан қуып шығады, сонда Тиндарей ұзақ сергелдеңнен кейін Этолия патшасы Фестийді паналайды. Фестий батырды қатты ұнатты да, өзінің тәңірідей сұлу қызы Ледаға үйлендірді. Зевстің ұлы Геракл Гиппокоонтты жеңіп өлтіргенде, Тиндарей өзінің сұлу әйелімен Спартаға қайта оралады. Екеуінің Клитемнестра мен Кастор есімді балалары болды. Құдай Зевстен Елена мен Полидевк (Поллукс) туған-мыс.Кун Н. А. Ежелгі Греция мифтері мен аңыздары — Алматы: «Мектеп», 1980.
Галерея
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша мифологиялық кейіпкерлер Санат:Зевстің әйелдері