Надия Селиханқызы Ахтаева — психология ғылымының докторы (2009), профессор (2012).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1952 жылы 2 қаңтарда қазіргі Абай облысы, Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылында туған.
Семей педагогикалық институтын (1974, қазіргі Шәкәрім университеті) бітірген. Семей техникумында комсомол комитетінің хатшысы (1975-79), Мəскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде стажер-зерттеуші (1979-81), аспирант (1981-84), Семей педагогикалық институтында оқытушы, Қарағанды мемлекеттік университетінде (қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1984-93), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) доцент (1993-96), Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аға ғылми қызметкер, доцент (1996-2001), 2002 жылдан Қазақ ұлттық университетінде профессор.
Ғылыми бағыты, еңбектері "Системно-психологическая подготовка современного преподавателя вуза" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 200-ден аса ғылыми еңбектің, олардың арасында импакт-факторы жоғары бірқатар халықаралық деңгейдегі мақалалардың, 3 монография, 20 оқу құралдарының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Марапаттары Психология теориясы мен практикасын дамытуға қосқан ерен үлесі үшін Психология ғылымдарының халықаралық академиясы президиумының "Құрмет грамотасы" (2010); "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2016); Психология ғылымдарының халықаралық академиясы президиумының "Құрмет" медалінің иегері (2017).Гуманитарлық мәдениеттің жаршысы.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Надия Селиханқызы Ахтаева.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Психология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары