Шолпан Исағалиқызы Жанұзақова — педагогика ғылымының докторы (2007), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1960 жылы 13 қарашада Атырау қаласында туған.

Гурьев педагогикалық институтын (1983, қазіргі Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті) бітірген. Мектепте мұғалім (1983-88), Гурьев педагогикалық институтында оқытушы (1988-91), Атырау педагогикалық институтында аға оқытушы (1991-2000), кафедра меңгерушісі (2000), Атырау мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері (2004), Сырттай оқыту факультетінің деканы (2005-09).

Ғылыми бағыты, еңбектері "Этнопедагогиканы жеке пəн ретінде құрудың ғылыми негіздері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 2 монография, 3 оқу құралы, 60-қа жуық ғылыми мақалалардың авторы.

Марапаттары "Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі"; Атырау облысының, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары; ҚР "Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін медалі".Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6. "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" (2019)."Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағының иегерлері.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер ПЕДАГОГИКА ЛЮБВИ.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Атырау мемлекеттік университеті түлектері Санат:Атырау мемлекеттік университетінің профессорлары