Айтқазы Әуелбекұлы Арықбаев (24 мамыр 1955, Мерке, Жамбыл облысы – 23 қараша 2025, АлматыБІР БЕКЕТКЕ АЙТҚАЗЫ АРЫҚБАЕВ АТЫН БЕРІЛСІНАЙТҚАЗЫ АРЫҚБАЕВ — өмірін темір жолға салған маман) — құрылыс және көлік инфрақұрылымы саласының дамуына елеулі еңбек сіңірген маманАстаналық метрополитен үшін өмірін берген адам.
Өмірбаяны
Жас кезі Айтқазы Әуелбекұлы 24 мамыр 1955 жылы Жамбыл облысы, Мерке ауылында дүниеге келген. Мектепті тәмамдағаннан кейін Алматы қаласындағы Сәулет-құрылыс институтына, қазіргі ҚазБСҚА-ның инженерлік-құрылыс факультетіне оқуға түседі.
Еңбек жолы Еңбек жеңын құрылыс саласында бастап, Алматы қаласында прораб қызметін атқарып, тұрғын үйлердің салынуына үлес қосты. 1996 жылы «Алматыэлектротранс» мекемесіне жұмысқа орналасып, қоғамдық көлік саласын терең меңгере бастады.
Кейін Алматы қаласы әкімдігінде көлік саласы бойынша директордың орынбасары қызметін атқарды. Осы кезеңде оның жетекшілігімен 13 көлік жолайрығы салынып, Шығыс айналма жолы жобасы жүзеге асырылды.
Астана LRT Басқаруы 2012 жылдан бастап, 2022 жылға дейін, «Астана LRT» жобасында, кейінгі атауы CTS болған мекемеде техникалық директор қызметін атқарды. Ол халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және жобаның техникалық бағытын үйлестіруге жетекшілік етті. Әкімдікте қызмет еткен жылдары шетелдерге жиі іссапармен барып, қоғамдық көлік пен инфрақұрылым саласындағы халықаралық тәжірибелерді зерттеді. Әлемдік деңгейдегі көлік жүйелерін үлгі етіп, Қазақстандағы инфрақұрылымды дамытуға өз үлесін қосты.
Сот 2021 жылғы соттың кезінде Айтқазы Арықбаев тергеу барысында өзіне қысым көрсетілгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, іс бойынша айтылған қаржы жымқыру, қызмет құнын негізсіз көтеру және орындалмаған жұмыстар туралы айыптаулар шындыққа сәйкес келмеген. Арықбаевтың сөзінше, жоба халықаралық стандарттарға сай жүзеге асырылған және 2013–2018 жылдар аралығында 38 рет тексерістен өткен. Айтқазы Арықбаев сотта бұрын берген куәліктерінен бас тартып, тергеу кезінде қысыммен жалған жауап беруге мәжбүр болғанын айтты. Оның бұл мәлімдемесі сот процесінде үлкен резонанс туғызды. Прокурор жалған куәлік бергені үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескерткенімен, Арықбаев өз ұстанымынан бас тартпады. Ол тергеу барысында өзіне қысым жасаған тұлға ретінде тергеуші Шәленовтің фамилиясын атады.
Арықбаевтың айтуынша, тергеушілер оны қылмыстық жауапкершілікпен қорқытып, қажетті көрсетілімдерге қол қоюды талап еткен. Кейбір жауаптардың тергеушілердің талабымен өзгертілгенін де мәлімдеді. Оның сөзінше, тергеу тобы өздеріне тиімді нұсқаны жаздыруға тырысқан.
Бұл мәлімдемелер «Астана LRT» ісі бойынша сот процесіндегі ең даулы әрі назар аудартқан сәттердің бірі болды.АРЫҚБАЕВ//Сот
Өлімі Соңғы жылдары Айтқазы Арықбаев ауыр дертке шалдығып, оған сүйек кемігінің қатерлі ісік диагнозы қойылды. Соған қарамастан, ол өмірінің соңына дейін өзі еңбек еткен LRT жобасының аяқталуы үшін күресін тоқтатпады. Жоба тағдыры бұлыңғыр болып, оны бұзу немесе толық тоқтату туралы пікірлер айтылған кезеңдерде Айтқазы Әуелбекұлы жобаны сақтап қалу қажет екенін айтып, оны аяқтауға шақырды. Ол LRT тек көлік жобасы емес, болашақ инфрақұрылымның маңызды бөлігі екенін түсіндіруге тырысты. Ұзақ жылдар бойы көлік және құрылыс саласында қызмет еткен маман ретінде, халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жобаның техникалық маңыздылығын дәлелдеумен болды. Денсаулығына қарамастан, ол өз ұстанымынан бас тартқан жоқ.
Айтқазы Әуелбекұлы Арықбаев 2024 жылдың қараша айында қара аурудан көз жұмды.
Марапаттары
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі — 2011 жыл; «Ерен еңбегі үшін» медалі — 2015 жыл.Арықбаев А. Ә.//Өмірбаян
Дереккөздер
Санат:Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының түлектері