Qyr Balasy қоғамдық қоры — Қазақстандағы Алаш идеясына негізделген, ғылыми-зерттеу әрі жастар қозғалысын біріктірген ұйым.https://e-history.kz/kz/news/show/50001403

Тарихы Қор 2017 жылы құрылды. Ғылыми орталық, мәдени платформа және идеологиялық қозғалыс ретінде жұмыс істейді. Қордың негізін алаштанушы ғалым, жазушы Елдос Тоқтарбай қалаған. Сонымен қатар, қор құрылтайшылары — алаштанушы ғалымдар З. Кәрімхан, Ұ. Сәйдірахман, Е. Рахметуллин, А. Құмырзақұлы бар.https://farabishakirti.kz/qyr-balasy-o-amdy-oryna-5-zhyl-bir-beles/

Миссиясы Қордың негізгі миссиясы – Алаш қайраткерлерінің мұрасын зерттеу арқылы ұлттық тарихи сананы жаңғырту және осы идеяны жаңа буынға жеткізу. Осы мақсатта ұйым архивтік зерттеулер жүргізіп, Қазақстан мен шетел қорларынан бұрын белгісіз болған деректерді жинайды. Бұл зерттеулер тек академиялық деңгейде қалмай, кітап, жинақ және ғылыми жарияланымдар арқылы қоғамға ұсынылады.Кәрімхан, З. QYR BALASY-ның мақсаты - белгісіз Алаш арыстарын ұлықтау [Мәтін] / З. Кәрімхан; З. Тілеуғазыұлы; әңг. З. Тілеуғазыұлы // Қазақ. - 2021. - 18 мамыр (№ 20). - 6 б..

Qyr Balasy-ның маңызды ерекшелігі – оның институционалдық инфрақұрылым құруға ұмтылысы. Қор жанында Әлихан Бөкейхан атындағы “Алаш” ғылыми-зерттеу институтының жұмыс істеуі осының дәлелі. Бұл құрылым Алашқа қатысты деректерді жүйелеп, ғылыми айналымға енгізуді мақсат етеді. Сонымен қатар, қор цифрлық база қалыптастыру арқылы тарихи білімді қолжетімді етуді көздейді.

Қор жұмысы

Әлихан Бөкейхан атындағы “Алаш” ғылыми-зерттеу институты Qyr Balasy қоғамдық қоры жанында Әлихан Бөкейхан атындағы “Алаш” ғылыми-зерттеу институты құрылған. Ғылыми-зерттеу институтын ғалым Ұшқын Сәйдірахман басқарады.

Кітаптары Qyr Balasy қоғамдық қоры ұйымдастырған зерттеу жұмыстары аясында 174 кітап жарық көрді.

"Алаш кітапханасы" сериясы аясында бұрын жеке кітап болып жарыққа шықпаған Алаш қайраткерлерінің еңбектерін шығаруды мақсат етті. Бұл серия аясында келесі кітаптар жарық көрді:https://qazaq1913.com/2021/05/19/za-ar-k-rimhan-qyr-balasy-ny-ma-saty-belgisiz-alash-arystaryn-ly-tau/

Абдолла Байтасұлы - Көркем әдебиет туралы Байбатыр Ержанұлы - Тұр, қазақ! Қапез Байғабылұлы - Алаш қонған ақбоз үй Кенжеғали Ғабдоллаұлы - Қазақтың қамы Сейдәзім Қадырбай - Ақы заңы Жүсіпбек Аймауытұлы - Дәмелі Біләл Малдыбайұлы - Кенесары заманынан Ғазымбек Бірімжан - Келешектің түрленуі Нұғыман Манай - Иман-ислам Сейітбаттал Мұстафаұлы - Имам Ғазали Елеусін Бұйраұлы - Ызың Біләл Сүлейұлы - Үміт Мұстақым Малдыбайұлы - Иман һәм намаз яки мұсылмандық Мәннән Тұрғанбайұлы - Пайғамбар заманы Аққағаз Досжанқызы - Жүкті әйелдерге кеңес Ғабдолкәрім Тоқтабай - Оқу жайынан...

Дереккөздер