Bunyaviricetes — негізінен үш сегменттен тұратын геномдары бар, сегменттелген теріс тізбекті РНҚ-вирустар класы. Бұл класс мүшелері буынаяқтыларды, өсімдіктерді, қарапайымдыларды және омыртқалыларды зақымдайды. Bunyaviricetes атауы Буньямвера атауынан шыққан, өйткені Bunyamwera virus алғаш рет сол жерде анықталған.
Буньявирустар негативті-жіпшелі, бір тізбекті РНҚ геномы бар вирустарды қамтитын Балтимор классификация жүйесінің бесінші тобына жатады. Олардың вириондары қабықшалы және сфералық пішінді болып келеді. Бұл класқа жататын белгілі бір вирустар негізінен буынаяқтылар мен кеміргіштерде кездескенімен, кейде адамды да зақымдауы мүмкін. Тіпті кейбіреулері өсімдіктерге де жұғады. Бұған қоса, репликациясы тек буынаяқтылар денесінде ғана жүретін буньявирустардың бір тобы бар, олар жәндіктерге тән буньявирустар ретінде белгілі.
Буньявирустардың басым бөлігі — трансмиссивті. Hantavirus және Arenavirus туыстарын қоспағанда, Bunyaviricetes класының барлық вирустары буыннаяқтылар (шіркейлер, кенелер немесе құмшыбындар) арқылы тасымалданады. Хантавирустар кеміргіштердің экскременттерімен жанасу арқылы жұғады. Инфекцияның таралу жиілігі тасымалдаушылардың белсенділігіне тікелей байланысты, мысалы, шіркейлер арқылы тарайтын вирустар жаз мезгілінде жиірек кездеседі.
Bunyaviricetes класының кейбір мүшелерін, мысалы, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы вирусын адамның жұқтыруы аурушаңдық пен өлім-жітімнің жоғары деңгейімен байланысты, соның салдарынан бұл вирустармен жұмыс істеу 4-биоқауіпсіздік деңгейіндегі (BSL-4) зертханаларда жүзеге асырылады. Олар сондай-ақ тромбоцитопения синдромы бар ауыр қызбаның (SFTS) туындауына себеп болады.
Bunyaviricetes класының медициналық тұрғыдан маңызды тағы бір мүшесі — хантавирустар. Олар бүкіл әлемде кездеседі және Кореяда, Скандинавияда (соның ішінде Финляндияда), Ресейде, Солтүстік Американың батысында және Оңтүстік Американың кейбір бөліктерінде салыстырмалы түрде жиі тараған. Хантавирус инфекциялары жоғары қызбамен, өкпе ісінуімен және өкпе жеткіліксіздігімен сипатталады. Өлім-жітім көрсеткіші аурудың формасына байланысты айтарлықтай ерекшеленеді: Жаңа Дүние хантавирустарында (Америка құрлықтарында) 50%-ға дейін, Ескі Дүние хантавирустарында (Азия мен Еуропада) 15%-ға дейін жетсе, Пуумала вирусында (негізінен Скандинавияда) 0,1%-дан аспайды. Антиденелер реакциясы виремия деңгейін төмендетуде маңызды рөл атқарады.
Вирусология Құрылымы thumb|Peribunyavirus вирионының құрылымы Буньявирустардың морфологиясы белгілі бір дәрежеде Paramyxoviridae тұқымдасына ұқсас; буньявирустар диаметрі 80–120 нм болатын қабықшалы, сфералық вириондар түзеді. Бұл вирустардың құрамында матрикстік ақуыздар болмайды. Оның орнына вирион бетінде тұтас қабат түзетін вирустық беткі гликопротеиндер жасушалық мембранадан бүршіктену арқылы жаңа вириондардың қалыптасуында рөл атқарады деп есептеледі.
Геномы Буньявирустардың геномы екі немесе үш сегментті болып келеді және үлкен (L) мен кіші (S), немесе үлкен (L), орташа (M) және кіші (S) РНҚ сегменттерінен тұрады. Бұл РНҚ сегменттері бір тізбекті және вирион ішінде спираль тәрізді құрылымда болады. Сонымен қатар, әр сегменттің ұштары бір-біріне комплементарлы болғандықтан, олар жалған сақиналы құрылым түзеді. L сегменті вирустық РНҚ репликациясы мен ақпараттық РНҚ (аРНҚ) синтезіне қажетті РНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразаны кодтайды. M сегменті вирустың беткі жағында орналасатын және оның иесінің жасушасына бекінуі мен енуіне көмектесетін вирустық гликопротеиндерді кодтайды. S сегменті нуклеокапсид ақуызын (N) кодтайды.
Буньявирустардың басым көпшілігінің L және M сегменттері негативті-жіпшелі болып келеді. Phlebovirus туысының S сегменті, ал Tospovirus туысының M және S сегменттерінің екеуі де амбисенсті (қос бағытты) болып табылады. Амбисенсті құрылым РНҚ тізбегіндегі гендердің кейбірі негативті-жіпшелі, ал қалғандары позитивті-жіпшелі екенін білдіреді. Амбисенсті S сегменті негативті бағытта вирустық нуклеопротеинді (N), ал позитивті бағытта құрылымдық емес ақуызды (NSs) кодтайды. Амбисенсті M сегменті негативті бағытта гликопротеинді (GP), ал позитивті бағытта құрылымдық емес ақуызды (NSm) кодтайды.
Геномның жалпы мөлшері 10,5-тен 22,7 кб аралығында ауытқиды.
Өмірлік циклі thumb|Nairovirus-тың өмірлік циклі
Таралуы Буньявирустар буынаяқтыларды, өсімдіктерді, қарапайымдыларды және омыртқалыларды зақымдайды. Өсімдіктер Tospoviridae және Fimoviridae тұқымдастарына жататын буньявирустардың иесі бола алады (мысалы, қызанақ, көгершін бұршағы, қауын, бидай, таңқурай, церцис және раушан). Кейбір тұқымдастардың мүшелері тек жәндіктерге тән болып келеді, мысалы, алғаш рет құм шіркейлерінен бөлініп алынған, кейіннен көбелектерді, араларды, бәбісектерді және басқа да қосқанатты жәндіктерді қоса алғанда, алуан түрлі жәндіктерден анықталған фазмавирустар (Phasmaviridae).
Таксономиясы thumb|Bunyaviricetes филогенетикалық ағашы Bunyaviricetes класы 16 тұқымдасты қамтитын екі ретті біріктіреді. Бұл таксондар төменде тізілген (-virales жұрнағы жасақты, ал -viridae жұрнағы тұқымдасты білдіреді): Elliovirales Cruliviridae Fimoviridae Hantaviridae Peribunyaviridae Phasmaviridae Tospoviridae Tulasviridae Hareavirales Arenaviridae Discoviridae Konkoviridae Leishbuviridae Mypoviridae Nairoviridae Phenuiviridae Tosoviridae Wupedeviridae
Адамдағы аурулар Адамда ауру тудыратын буньявирустарға мыналар жатады: Калифорния энцефалиті вирусы, Джеймстаун-Каньон вирусы, Ла-Кросс энцефалиті вирусы, Оропуш вирусы және Ақ қоян вирусы (тасымалдаушысы: шіркейлер; тұқымдасы: Peribunyaviridae); Хантавирус резервуары: ұсақ сүтқоректілер немесе кеміргіштер (тасымалдаушысы: осы сүтқоректілердің аэрозольді экскременттері; тұқымдасы: Hantaviridae); Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы вирусы резервуары және (тасымалдаушысы: кенелер; күшейткіш (амплификациялық) иелері мен тасымалдаушысы: ұсақ сүтқоректілер, үй сүтқоректілері; тұқымдасы: Nairoviridae); Рифт аңғары қызбасы вирусы (резервуары: жарқанаттар; тасымалдаушысы: шіркейлер; күшейткіш (амплификациялық) иелері: ұсақ және үй сүтқоректілері; тұқымдасы: Phenuiviridae); Бвамба қызбасы вирусы (резервуары: маймылдар; тасымалдаушысы: шіркейлер; күшейткіш (амплификациялық) иелері: есектер; тұқымдасы: Peribunyaviridae); Тромбоцитопения синдромы бар ауыр қызба вирусы (тасымалдаушысы: кенелер; тұқымдасы: Phenuiviridae); Ласса қызбасы және Аргентина геморрагиялық қызбасы вирустары (резервуары: кеміргіштер; тасымалдаушысы: осы сүтқоректілердің аэрозольді экскременттері; тұқымдасы: Arenaviridae).
Дереккөздер
Санат:Bunyavirales Санат:Геморрагиялық қызбалар Санат:Вирустар кластары