Майгүл Хафизқызы Матаева — заң ғылымының докторы (2007), профессор.
Өмірбаяны, еңбек жолы 1959 жылы 1 мамырда қазіргі Абай облысы, Бесқарағай ауданы, Беген ауылында туған.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын (1980, қазіргі Шәкәрім университеті), Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтын (1988), Орта Азия университетін (2001), Қазақ гуманитарлық заң университетінің докторантурасын (2005) бітірген. 1980-81 жылдары Семей ет және сүт өнеркәсібі технология институтында, 1981-82 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтында оқытушы, 1982-84 жылдары қазіргі Қазақ ұлттық университетінде стажер, 1988-2002 жылдары Семей мемлекеттік педагогикалық институтында, Семей мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, 2002-2011 жылдары Семей қаласындағы Қазақ қаржы экономикалық институтында (қазіргі Қазақ қаржы-экономика академиясы) кафедра меңгерушісі, проректоры қызметтерін атқарды. 2011 жылдан осы академияның ректоры болды. Қазіргі уақытта "Alikhan Bokeikhan University" (Семей қ.) БМ проректоры.
Ғылыми бағыты, еңбектері "XX ғасырдағы Қазақстан және Орталық Азия елдерінің тарихы" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Негізгі ғылыми бағыты – Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, мемлекет және құқық тарихы мен теориясы саласы. 80-нен астам ғылыми еңбектің авторы.
Марапаттары Ыбырай Алтынсарин төсбелгісі (2009);Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0. "Ерен еңбегі үшін медалі" (2025).ҚР мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Заң ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар