Оның Корольдік Мәртебесі Инфант дон Хуан Карлос Тереса Сильвестре Альфонсо де Бурбон и Баттенберг, Барселона графы (; 20 маусым 1913, Сеговия, Испания – 1 сәуір 1993, Памплона, Наварра, Испания) — испан ханзадасы, испан тағына үміткер, король I Хуан Карлостың әкесі.

Өмірбаяны thumb|150px|Филип Де Ласло салған портрет, 1927 жыл. Испания королі XIII Альфонсо мен Виктория Евгения Баттенбергтың үшінші ұлы, осы жұптың жалғыз дені сау ұлы.

Эмиграцияда 1931 жылы әкесімен бірге елден кетті. Британ флотында қызмет етті. 1941 жылы Римде қайтыс болар алдында XIII Альфонсо тақтан бас тартып, оны мұрагер ретінде танылған Хуанның пайдасына қалдырды (тұқым қуалайтын гемофилия дертіне шалдыққан үлкен ұлы Альфонсо ол кезде тірі емес еді, оның үстіне ол қарапайым қызға үйленіп, өз құқықтарынан бас тартқан болатын; екінші ұлы, саңырау әрі мылқау дон Хайме, Сеговия герцогі, француз корольдік әулетінің басшысы деп саналуды жөн көрді). Осыдан кейін Лозанна (Швейцария) мен Эшторилде (Португалия) тұрған Хуан «III Хуан» ретінде испан тағына үміткер болды; ол либералды көзқарасымен танылып, Франко режиміне оппонент ретінде шықты.

1969 жылы Франсиско Франко әкесі тірі болса да, Хуанның ұлы ханзада Хуан Карлосты өз мұрагері деп жариялады. Барселона графы мен Еуропаның көптеген корольдік әулеттері бұл шешімді мойындамады. 1975 жылы Франко қайтыс болып, I Хуан Карлос таққа отырғаннан кейін де дон Хуан ұлын король ретінде мойындамауды жалғастырды.

Испанияға оралуы ​1977 жылы Король Франко режимінің мұрагерлігінен бас тартқаннан кейін, Барселона графы Испанияға оралды. Ол өз титулын сақтай отырып, таққа деген талаптарынан бас тартты және ұлының құқықтарын ресми түрде мойындады.

1978 жылы Испания королі оған флоттың құрметті адмиралы () атағын берді.

1988 жылдың 4 желтоқсанынан бастап — флоттың генерал-капитаны.

Памплонада өкпе қатерлі ісігінен қайтыс болды. Эскориалда, испан корольдерінің қабірлерінің жанында жерленген.

Отбасы ​1935 жылдың 12 қазанында ханшайым Мария де лас Мерседес де Бурбон и Орлеанмен некеге тұрды. Ерлі-зайыптылардың төрт баласы дүниеге келді: ​Оның Корольдік Мәртебесі Инфанта донья Пилар, Бадахос герцогинясы (1936–2020) ​Оның Мәртебесі Испания королі дон I Хуан Карлос (1938 ж.т.) ​Оның Корольдік Мәртебесі Инфанта донья Маргарита, Сория және Эрнани герцогинясы (1939 ж.т.) ​Оның Корольдік Мәртебесі Инфант дон Альфонсо (1941–1956), қарумен болған жазатайым оқиға салдарынан қаза тапты.

Марапаттары Алтын руна ордені ​III Карлос орденінің Үлкен крест кавалері ​«Теңіздегі еңбегі үшін» орденінің Үлкен крест кавалері (ақ айырым белгісімен) ​Христос орденінің Үлкен крест кавалері (31 қаңтар 1986 жыл, Португалия)Иностранцы — кавалеры Португальских орденов

Әдебиет

Дереккөздер

Сілтемелер cervantesvirtual.com сайтындағы өмірбаяны Испан корольдік әулетінің шежіресі

Санат:Алтын руна орденінің иегерлері Санат:Испания Бурбондары Санат:Сеговия провинциясы тұлғалары Санат:Испания инфанттары