Ухнаагийн Хүрэлсүх (14 маусым 1968, Ұланбатыр, МХР) — моңғолиялық саясаткер, 2021 жылдан бергі Моңғолия Президенті.

Білімі Хүрэлсүх 1985 жылы Ұланбатыр қаласында №2 орта мектепті тәмамдады. Кейін 1989 жылы моңғолиялық Қорғаныс университетін саясаттану мамандығы бойынша бітірді. Ол Моңғол мемлекеттік университетінің Мемлекеттік басқару мен басқаруды дамыту және құқық институтында білім алып, 1994 және 2000 жылдары аяқтады.

Саяси қызметі

Президенттігі (2021–) Инаугурациясы Хүрэлсүх 2021 жылы 25 маусымда сағат 11:40-та Моңғолияның Үкімет сарайының Үлкен залында инаугурацияланды. Салтанат алдында ол жұбайымен сарай алдындағы Шыңғыс хан ескерткішіне құрмет көрсетті.

Сыртқы саясаты thumb|Хүрэлсүх Ресей президенті Владимир Путин және Қытай президенті Си Цзиньпинмен 2025 жылдың 2 қыркүйегіндегі үшжақты кездесуде 2022 жылдың қыркүйегінде Хүрэлсүх Шанхай ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшылары кеңесінің 22-кездесуіне қатысуға Самарқан, Өзбекстанға барды. Ол онда Ресей президенті Владимир Путинмен және Қытай президенті Си Цзиньпинмен үшжақты кездесуге қатысты. Ал 2025 жылы ол БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясына қатысып, жылқыларды мадақтап сөз сөйледі.

Президент ретінде жасаған халықаралық сапарлары Ухнаагийн Хүрэлсүхтің халықаралық сапарларының тізіміКүніЕлҚалаСапар түрі/себебі19–23 қыркүйек 2021Нью-ЙоркБҰҰ Бас Ассамблеясының 76-шы сессиясы15–18 желтоқсан 2021МәскеуМемлекеттік сапар14–17 қыркүйек 2022Самарқан22-ші ШЫҰ саммиті7–8 қараша 2022Шарм-эш-ШейхТК-2727–28 қараша 2022БейжіңМемлекеттік сапар29 қараша 2022ТокиоМемлекеттік сапар6 мамыр 2023ЛондонIII Чарльз және Камилланың тәж кигізу рәсімі15–17 қыркүйек 2023Гавана77 тобы саммиті20–22 қыркүйек 2023Нью-ЙоркБҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы10–14 қазан 2023ПарижМемлекеттік сапар17–20 қазан 2023Бейжің«Бір белбеу, бір жол» форумы1–5 қараша 2023ХанойМемлекеттік сапар5–7 қараша 2023ВьентьянМемлекеттік сапар28 қараша–1 желтоқсан 2023ДубайТК-2823–26 маусым 2024ТашкентМемлекеттік сапар3–5 шілде 2024Астана24-ші ШЫҰ саммиті26 шілде 2024Париж2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты10–13 қазан 2024АшхабадМемлекеттік сапар11–13 қараша 2024БакуТК-2915–19 Қаңтар 2025АнкараМемлекеттік сапар9–12 наурыз 2025ПрагаМемлекеттік сапар13–14 наурыз 2025ВаршаваМемлекеттік сапар7–10 мамыр 2025МәскеуЖеңіс күні парады20–23 шілде 2025БішкекМемлекеттік сапар23–26 шілде 2025ДушанбеМемлекеттік сапар31 тамыз–3 қыркүйек 2025Тяньцзинь25-ші ШЫҰ саммиті және Жеңіс күні парады22–24 қыркүйек 2025Нью-ЙоркБҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы13–16 қазан 2025Нью-ДелиМемлекеттік сапар1–3 желтоқсан 2025РимМемлекеттік сапар4–5 желтоқсан 2025ВатиканМемлекеттік сапар20–23 сәуір 2026АстанаМемлекеттік сапар

Жеке өмірі Хүрэлсүх үйленген және екі қызы бар. Оның жұбайы балабақша мұғалімі және үлкен қызы университетте адам құқықтары жөнінде оқытушы. Ол 50 жасқа толғанда құрған өзінің "Pals" атты тобымен гитарада ойнағанды ұнатады. Сонымен қатар ол мотоцикл жанкүйері және Моңғолияда Harley-Davidson жанкүйерлер клубын құрған.

Тағы қараңыз Ухнаагийн Хүрэлсүх үкіметі

Дереккөздер

Санат:Тірі тұлғалар Санат:Моңғолия президенттері Санат:Ұланбатырда туғандар Санат:Қазіргі мемлекет басшылары