thumb|Болгария атынан қатысып, 2026 жылғы байқауда жеңіске жеткен Дара Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) жыл сайын ұйымдастыратын халықаралық ән байқауы — Eurovision ән байқауында осы уақытқа дейін 150 автор жазған 72 ән жеңіске жетті. 1956 жылы алғаш рет экранға шыққаннан бері жыл сайын үзіліссіз көрсетіліп келе жатқан бұл жоба әлемдегі ең ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан теленұсқалардың бірі болып табылады.
Байқау тарихында жеңімпаздарды анықтаудың көптеген дауыс беру әдістері қолданылды; олардың негізі — қазылар алқасы немесе телекөрермендердің ұпай беруі. Қазіргі уақытта аралас дауыс беру жүйесі қолданылады: 50 % қазылар алқасы және 50 % телекөрермендер. Өз еліңнің өкіліне дауыс беруге болмайды. Тек 1956 жылғы алғашқы байқау ғана ерекшелік болды: ол кезде «Refrain» әнімен жеңіске жеткен Швейцария өкілі Лиз Ассиаға өз елінің қазылар алқасы дауыс бере алған. Алғашқы байқауда жеңімпаз ұпайлармен емес, дауыс беру арқылы (әр елге екі дауыстан) анықталды және тек жеңімпаздың есімі ғана жарияланды.
Осы уақытқа дейін 69 байқау өтті, оның ішінде төрт ел жеңімпаз атанған 1969 жылғы байқауды есептемегенде, жыл сайын бір жеңімпаздан анықталып отырды. Байқауда 27 елдің атынан қатысқан әндер жеңіске жетті, ал 1956 жылғы алғашқы байқауда Швейцария жеңімпаз атанды. Жеңіс саны бойынша көш бастап тұрған елдер — жеті жеңістен иеленген Ирландия мен Швеция.
Орындаушы ретінде байқауда бірнеше рет жеңіске жеткен екі адам бар: олар — 1980 жылы «What's Another Year» және 1987 жылы «Hold Me Now» әндерін орындаған ирландиялық Джонни Логан, сондай-ақ 2012 жылы «Euphoria» және 2023 жылы «Tattoo» әндерін орындаған швециялық Лорин. Логан сонымен қатар бірнеше жеңімпаз ән жазған жеті автордың бірі («Hold Me Now» және 1992 жылы Линда Мартин орындаған «Why Me?»). Ол Eurovision тарихында әнші әрі автор ретінде үш бірдей жеңісті қанжығасына байлаған жалғыз тұлға.
Eurovision ән байқауының жеңімпаздары арасында музыка индустриясында үлкен жетістікке жеткендері өте аз. Халықаралық деңгейдегі жұлдызға айналған ең танымал жеңімпаздар — 1974 жылы Швеция атынан «Waterloo» әнімен қатысқан ABBA тобы және 1988 жылы Швейцария атынан «Ne partez pas sans moi» әнімен жеңіске жеткен Селин Дион. Сондай-ақ, 2021 жылы Италия атынан «Zitti e buoni» әнімен жеңіске жеткен Måneskin тобы да байқаудан кейінгі айларда дүниежүзілік танымалдылыққа ие болды.
Жеңімпаздар тізімі Жыл Мемлекет Ән Орындаушы Ән авторлары 1956 Лиз Ассиа 1957 Корри Броккен 1958 Андре Клаво 1959 Тедди Схолтен 1960 Жаклин Буайе 1961 Жан-Клод Паскаль 1962 Изабель Обре 1963 Грета мен Йорген Ингманн 1964 Джильола Чинкветти 1965 Франс Галль Серж Генсбур 1966 Удо Юргенс 1967 Сэнди Шоу 1968 Массиель 1969 Саломе Лулу Ленни Кюр Фрида Боккара 1970 Дана 1971 Северин 1972 Вики Леандрос 1973 Анн-Мари Давид 1974 ABBA 1975 Teach-In 1976 Brotherhood of Man 1977 Мари Мириам 1978 Изхар Коэн және Alphabeta 1979 Milk and Honey 1980 Джонни Логан Shay Healy 1981 Bucks Fizz 1982 Николь 1983 Корин Эрме 1984 Herreys 1985 Bobbysocks! Рольф Лёвланд 1986 Сандра Ким 1987 Джонни Логан Джонни Логан 1988 Селин Дион 1989 Riva 1990 Тото Кутуньо Тото Кутуньо 1991 Карола Стефан Берг 1992 Линда Мартин Джонни Логан 1993 Нив Кавана Джимми Уолш 1994 Пол Харрингтон және Чарли Макгеттиган Брендан Грэм 1995 Secret Garden 1996 Имар Куинн Брендан Грэм 1997 Katrina and the Waves Кимберли Рю 1998 Дана Интернешнл 1999 Шарлотта Перелли 2000 Olsen Brothers Йорген Олсен 2001 Танель Падар, Дэйв Бентон және 2XL 2002 Мария Наумова 2003 Сертаб Эренер 2004 Руслана 2005 Елена Папаризу 2006 Lordi Мистер Лорди 2007 Мария Шерифович 2008 Дима Билан 2009 Александр Рыбак Александр Рыбак 2010 Лена Майер-Ландрут 2011 Элл және Никки 2012 Лорин 2013 Эммили де Форест 2014 Кончита Вурст 2015 Монс Сельмерлёв 2016 Жамала Жамала 2017 Салвадор Собрал Луиза Собрал 2018 Нетта 2019 Дункан Лоуренс 2020 colspan="4" 2021 Måneskin 2022 Kalush Orchestra 2023 Лорин 2024 Nemo 2025 JJ 2026 Дара
Елдер бойынша Eurovision ән байқауындағы жеңістер thumb|2025 жылды қоса алғандағы әр елдің Eurovision байқауындағы жеңістерінің санын көрсететін карта.|350px|right
Жеңістер Мемлекет Жылдар 7 1970, 1980, 1987, 1992, 1993, 1994, 1996 1974, 1984, 1991, 1999, 2012, 2015, 2023 5 1958, 1960, 1962, 1969, 1977 1961, 1965, 1972, 1973, 1983 1967, 1969, 1976, 1981, 1997 1957, 1959, 1969, 1975, 2019 4 1978, 1979, 1998, 2018 3 1985, 1995, 2009 1963, 2000, 2013 1964, 1990, 2021 2004, 2016, 2022 1956, 1988, 2024 1966, 2014, 2025 2 1968, 1969 1982, 2010 1 1971 1986 1989 2001 2002 2003 2005 2006 2007 2008 2011 2017 2026
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Eurovision Song Contest: History by events
Санат:Eurovision ән байқауының жеңімпаздары