Жансәуле Әлиқызы Мақатова — педагогика ғылымының докторы (2000), профессор (2002).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1962 жылы 25 қыркүйекте Қызылорда облысы, Арал қаласында туған.

ҚазПИ-ді (1984, қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), аспирантурасын (1992) бітірген. 1987-88 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында (қазіргі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті) оқытушы, 1992-2002 жылдары Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті аға оқытушы, доцент, декан, университеттің екінші жоғары білім институтының ректоры, 2002-07 жылдары Чехияның Прага қаласында Карлов университетінің өкілі қызметтерін атқарды. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры (2007).

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – педагогика, педагогика тарихы, қосымша кәсіби білім беру жүйесі. "Қазақстанда қосымша кәсіби білім беру жүйесінің дамуының теориясы мен тәжірибесі" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Макатова Жансауле Алиевна.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері