«Айдаһар үйі» () — Джордж Р. Р. Мартиннің «Мұз бен от жыры» атты романдарға негізделіп түсірілген екінші телесериал. Онда «Тақтар таласындағы» оқиғалардан екі ғасыр бұрын болған Жеті патшалықтағы күрделі қарым-қатынастар жайында баяндалады.

HBO арнасы сериал бойынша жұмыстардың басталғанын 2019 жылдың күзінде растады. Он сериядан тұратын алғашқы маусымының тұсаукесері 2022 жылы 21 тамызда өтті.

Алғашқы серияны 10 миллионға жуық көрермен көрді. Бұл арна үшін рекордтық көрсеткіш болды.

Сериал идеясы Сериал Таргариен әулетінің екі тармағының арасындағы билік үшін күрестен туындаған азамат соғысы жайында баяндайды. Ойдан шығарылған Вестерос құрлығының хроникасына ол «Айдаһарлар биі» деген атаумен кірді және I Эйегонның басқыншылығынан 129-131 жыл кейін болған деп қарастырылады. «Айдаһарлар биі» патша I Висерис қайтыс болғаннан кейін басталды, оның үлкен қызы ханшайым Рейенира және екінші некесінен туған ұлы II Эйегон Таргариен бір уақытта Темір тағына құқықтарын жариялады. Бұл қақтығыстың тарихи прототипі король I Генридің жиені Стефан мен I Генридің қызы Матильда арасындағы ағылшын тағы үшін соғыс (1135-1154) болды.

Сценарийдің әдеби негізін Джордж Мартиннің «От пен қан» кітабы құрайды. Ол ойдан шығарылған тарихшының жүргізген шежірелері жанрында жазылған. Көрермендерге оқиғаны түсінікті ету мақсатында, шоудың авторлары кітап оқиғаларын хронологиялық тәртіппен объективті шындық ретінде көрсетуді жөн көрді.

Джордж Р. Р. Мартин 2022 жылдың тамызында «History of Westeros» подкасына берген сұхбатында айтқандай: Біз бастапқыда сериал тұжырымдамасын талқылаған кезде, әртүрлі мүмкіндіктерді қарастырдық. Арасында "Расёмондағыдай" нұсқа да болды, яғни бір оқиғаны бірнеше көзқарастан көрсететіндей қылу. Кадрға кірмейтін баяндаушыны, мысалы архимейстер Гильдейнді, енгізуге болатын еді. Ол менің сүйікті ескі "Мен, Клавдий" сериялындағы Клавдий сияқты әр эпизодта оқиғалардың қандай дереккөздерге сүйене отырып көрсетілгенін түсіндірер еді. Алайда, өкінішке орай, Клавдий әдісі қазір ешкімге ұнамайды.

Жаңа сериалдың сюжетін «Тақтар ойынымен» байланыстыру үшін сценарийшілер болашақтағы Ақ жүргіншілердің басқыншылығы туралы I Эйегонның көрген түсі қосымша идеясын қосты.

Эпизодтары

Сезон 1 (2022) № Эпизод атауы Режиссёр Сценарист Тұсаукесері <center>1 <center>Айдаһардың мұрагерлері / The Heirs of the Dragon <center>Мигель Сапочник <center>Райан Кондал <center>21 тамыз 2022 <center>2 <center>Арамза ханзада / The Rogue Prince <center>Грег Яйтанс <center>Райан Кондал <center>28 тамыз 2022 <center>3 <center>Тегіндегі екіншісі / Second of His Name <center>Грег Яйтанс <center>Гейб Фонсека, Райан Кондал <center>4 қыркүйек 2022 <center>4 <center>Тар теңіздің патшасы / King of the Narrow Sea <center>Клэр Килнер <center>Айра Паркер <center>11 қыркүйек 2022 <center>5 <center>Жолға жарық төгеміз / We Light the Way <center>Клэр Килнер <center>Шармейн ДеГрате <center>18 қыркүйек 2022 <center>6 <center>Ханшайым һәм патшайым / The Princess and the Queen <center>Мигель Сапочник <center>Сара Хесс <center>25 қыркүйек 2022 <center>7 <center>Дрифтмарк / Driftmark <center>Мигель Сапочник <center>Кевин Лау <center>2 қазан 2022 <center>8 <center>Тасын судың қожайыны / The Lord of the Tides <center>Гита Васант Патель <center>Эйлин Шим <center>9 қазан 2022 <center>9 <center>Жасыл кеңес / The Green Council <center>Клэр Килнер <center>Сара Хесс <center>16 қазан 2022 <center>10 <center>Қара патшайым / The Black Queen <center>Грег Яйтанс <center>Райан Кондал <center>23 қазан 2022

Сезон 2 (2024) № Эпизод атауы Режиссёрі Сценаристері Тұсаукесері <center>11 <center>Ұлға — ұл / A Son for a Son <center>Алан Тейлор <center>Райан Кондал <center>16 маусым 2024 <center>12 <center>Қатыгез Рейенера / Rhaenyra the Cruel <center>Клэр Килнер <center>Сара Хесс <center>23 маусым 2024 <center>13 <center>Жанған диірмен / The Burning Mill <center>Гита Васант Патель <center>Дэвид Хэнкок <center>30 маусым 2024 <center>14 <center>Қызыл Айдаһар және Алтын / The Red Dragon and the Gold <center>Алан Тейлор <center>Райан Кондал <center>7 шілде 2024 <center>15 <center>Регент / Regent <center>Клэр Килнер <center>Ти Миккель <center>14 шілде 2024 <center>16 <center>Бұқара халық / Smallfolk <center>Андрий Парех <center>Эйлин Шим <center>21 шілде 2024 <center>17 <center>Қызылды себу / The Red Sowing <center>Лони Перистир <center>Дэвид Хэнкок <center>28 шілде 2024 <center>18 <center>Бұрыннан болған патшайым / The Queen Who Ever Was <center>Гита Васант Патель <center>Сара Хесс <center>4 тамыз 2024

Сезон 3 (2026) № Эпизод атауы Режиссёрі Сценаристері Тұсаукесері <center>19 <center>Тұз бен теңіз, от пен қан / Salt and Sea, Fire and Blood <center>Лони Перистир <center>Райан Кондал <center>21 маусым 2026

Дереккөздер

Санат:АҚШ телесериалдары Санат:2022 жылы шыққан АҚШ телесериалдары Санат:HBO телебағдарламалары