Бәйтерек (Новоалексеевка) — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Бәйтерек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 17 км-дей жерде, Тереңқара және Бесағаш өзендері аралығында, Іле аңғарының құрғақ даласында орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен58449679 10996 113,6 4407 5330 120,9 5272 5666 107,5
Тарихы Ауыл 1961-1997 жылдары көкөніс-сүт өндіретін “Талғар” кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Новоалексеевкада және округке қарасты Алға, Қойшыбек ауылдарында ӨК және бірнеше шаруа қожалығы құрылды. Новоалексеевка арқылы республикалық дәрежедегі Алматы – Жаркент – Қорғас автомобиль магистралі өтеді.
Дереккөздер
Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері