Наурыз Ахмет хан (; 1510/12–1556) — Бұхара хандығындағы Шайбанилер әулетінен шыққан өзбекПолитическая история исламского мира ханы. Ол 1552–1556 жылдары билік жүргізді.

Өмірбаяны Мырза Ұлықбектің қызы Рәбия сұлтан бегімнің немересі, шибанилік Сүйінішқожа ханның екінші ұлы Наурыз Ахмет хан дереккөздерде Барақ хан деген есіммен де танымал. Оның тәрбиесімен ақын Уасифи айналысқан.

​Наурыз Ахмет ханның Келді Мұхаммед хан есімді ағасы болған.

Саясаты thumb|Наурыз Ахмет хан атты әскерінің шабуылы, XIV ғасырдың басы. Бастапқыда Наурыз Ахмет хан Шайбанилердің Ташкент үлесінің билеушісі болды.

XVI ғасырдың ортасында Шайбанилер мемлекетінде бірнеше үлес болды: бірі — Самарқанда, онда Әбділәтіп хан билік жүргізді, екіншісі — Бұхарада, онда Ұбайдулланың ұлы Әбділәзиз хан патшалық етті. 1551 жылы Әбділәтіп хан қайтыс болғаннан кейін Наурыз Ахмет хан Самарқанды басып алып, Шайбанилердің жоғарғы билеушісі болды. Ол өзбектердің жоғарғы ханы болып жарияланды.

Наурыз Ахмет хан халықтың мүддесін көздей отырып, жаңа ирригациялық жұмыстарды ұйымдастырды, елде экономикалық реформалар жүргізуге тырысты. Ол Бұхара, Самарқан, Ташкент және Балх қалаларында «өз заманындағы хақандардың ішіндегі ең әділдісі, хақан ұлы хақан Әбілғазы баһадүр хан» деген лауазымдармен монеталар шығарды.

Наурыз Ахмет ханның сегіз ұлы болған: Дербіш сұлтан, Жалал сұлтан, Баба хан, Әмин сұлтан, Достым сұлтан, Қасым сұлтан, Хорезмшах сұлтан, Тайыр сұлтан.

Наурыз Ахмет ханның салған ғимараттары ​Наурыз Ахмет хан Ташкенттегі әкесінің кесенесіне өз есімімен аталатын медресе салдырды. Сондай-ақ Наурыз Ахмет хан Сайрамдағы Әбділәзиз баб кесенесін салуға бұйрық берген.Мухтар Кожа. Памятники Сайрама. Путеводитель. — Алтын алқа, 2009

Қайтыс болуы ​Наурыз Ахмет хан Самарқанда бір деректер бойынша 1556 жылдың 10 қыркүйегінде, басқа деректер бойынша 1556 жылдың 23 қарашасында дүниеден өтті. Ол қалалық зиратта сопылықтың нақшбандия тариқатының жетекшісі — Қожа Ахрардың қабірінің жанына жерленді. Одан кейін Шайбанилер мемлекетіндегі жоғарғы билік Пірмұхаммед ханға көшті.

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:Шайбани әулеті