Ботагөз Мырзабайқызы Сүйерқұл — филология ғылымының докторы (2010), доцент (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1973 жылы 18 қазанда қазіргі Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарабастау ауылында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология факультетін (1995) бітірген. 1995-2011 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аспирант, кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер, 2012-2014 жылдары С. Демирел атындағы университетте доцент қызметін атқарды. 2014-2020 жж. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында бас ғылыми қызметкер, 2020 ж. бері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде доцент-зерттеуші.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыттары – тіл тарихы, қазақ тілінің тарихи граматикасы, орта ғасырлардағы түркі (қыпшақ) жазба ескерткіштерінің тілі, тарихи лексикология, лингвосемиотика, фразеологиялық семантика, паремиология және этимология, теолингвистика, когнитивтік лингвистика. "Хорезмидің "Мұхаббатнамесіндегі" (XIV ғ.) лингвосемиотикалық кеңістік" (2010ж.) тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2 жеке монографиясы "Хорезмидің "Мұхаббатнамесіндегі" (XIV ғ.) лингвосемиотикалық кеңістік" (2011), "Қазақ тіліндегі ғалам бейнесі: теолингвистикалық аспект" (2024) жарық көрген. 100-ден астам ғылыми еңбектің, 3 ұжымдық монографияның бірлескен авторы. 15 томдақ Қазақ әдеби тілінің сөздігін (Алматы, 2011ж.) және "Сөзтүзер. Қате қолданыстар сөздігін" (Астана, 2021ж.) құрастырушылардың бірі.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер ҰСТАЗ ШЕБЕРЛІГІ – ЖАС ЗЕРТТЕУШІНІҢ ҒЫЛЫМ ЖОЛЫНДАҒЫ ШАМШЫРАҒЫ

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері