Мукаррам Тургунбаева (; 30 сәуір (13-мамаыр) 1913 ж., Скобелев, Ферғана облысы – 26 қараша 1978 ж., Ташкент) — Өзбек және кеңес бишісі, балет бишісі, хореограф, мұғалім және фольклоршы. КСРО халық әртісі (1959). Екі Сталиндік сыйлықтың (1946, 1951) және КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1973) лауреаты.

Өмірі және қызметі Мукаррам Тургунбаева 1913 жылы Ферғана обылысында дүниеге келген. Педагогикалық училищені бітіргеннен кейін, Самарқан мемлекеттік музыкалық театрында жұмыс істеді. Оған биден өзбек сахнасының шеберлері Усто Олим Комилов пен Тамара Ханум сабақ берді. Мукаррам Тургунбаева өзінің алғашқы биі «Пахтаны» 1937 жылы қойды.

Ол сондай-ақ Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театрда жұмыс істеді, ал 1957 жылы «Бахор» ансамблінің бас хореографы болды. Сондай-ақ, Ташкент хореографиялық училищесінде сабақ берді. Мукаррам Тургунбаеваның репертуарында әртүрлі стильдегі екі жүзден астам өзбек билері болды, олардың ең танымалдары «Тановар», «Занг», «Пилла» және «Әндіжон полкасы».

Ол гастрольдік сапармен КСРО-ның және шетелдің көптеген қалаларын аралады: Иран (1942), Қытай (1950), Үндістан, Албания, Италия, Австрия (1955), Камбоджа, Таиланд, Солтүстік Корея, Ауғанстан (1956), Ливия, Судан, Марокко, Алжир, Египет, Тунис (1965), Пәкістан, Сингапур, Малайзия, Мажарстан (1967), Шығыс Германия, Батыс Германия (1971), Польша, Чехословакия (972), Болгария (1973), Швеция (1975), Лаос, Ангола (1976), Финляндия, Мальта (1978).

1953 жылдан бастап КОКП мүшесі. Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-5 шақырылымдарының депутаты. Ол 1978 жылы 26 қарашада Ташкентте қайтыс болды.

Марапаттары Өзбек КСР халық әртісі (1937); КСРО халық әртісі (18 наурыз 1959); Екінші дәрежелі Сталин сыйлығы (1946); Үшінші дәрежелі Сталин сыйлығы (1951); КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1973); Өзбек КСР Хамза атындағы Мемлекеттік сыйлығы (1967); Ленин ордені (1951 жылғы 6 желтоқсан); Екі Еңбек Қызыл Ту ордені (1937, 1950); Екі «Құрмет белгісі» ордені (1957, 1965); Ерекше қызметі үшін ордені (Өзбекстан) (2001); «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі (1941); «Ерекше еңбегі үшін» медалі (1945).

Дереккөздер