Ядгар Насриддинова Садыковна (; 26 желтоқсан 1920 ж., Қоқан – 7 сәуір 2006 ж., Мәскеу) — Өзбек Кеңес партия және мемлекет қайраткері. 1942 жылдың қаңтарынан бастап КОКП мүшесі, КОКП Орталық Комитетінің мүшесі (1956-1976). КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1958-1974).

Өмірбаяны Ядгар Насриддинова 1926 жылы 20 желтоқсанда Өзбек Кеңестік Социалистік Республикасының Ферғана облысының Қоқан қаласында дүниеге келген. Оның әкесі, жүк тасушы, қызының дүниеге келуінен үш ай бұрын қайтыс болған. 13 жасар анасы күйеуінің мезгілсіз қайтыс болуынан кейін, қызын алып, 50 км қашықтықтағы басқа ауылдағы әкесінің үйіне көшуге мәжбүр болған, сол жерде ол қайтадан тұрмысқа шыққан. Алты жасында Насриддинованың өгей әкесі оны жол жиегінде тастап кеткен. Осыдан кейін Насриддинова 11 жасқа дейін әртүрлі отбасыларда өскен. 1931 жылы Өзбекстанда алғашқы жетімдер үйі салынған кезде, ол мемлекет қамқорлығына алынып және кәсіптік училищеге жіберілген.

1941 жылы Насриддинова Ташкент теміржол инженерлері институтын бітірген. Еңбек жолын Ташкент темір жолының машина-жол станциясында инженер болып бастады.

Қызметі Ол комсомол, партия және мемлекеттік қызметте ұзақ жылдар бойы жұмыс істеді: 1942 жылдан 1946 жылға дейін Өзбекстан комсомолы Орталық комитетінің хатшысы, 1946 жылдан 1947 жылға дейін Ташкент облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, 1948 жылдан 1950 жылға дейін Өзбекстан комсомолы Орталық комитетінің екінші хатшысы болды.

1950 жылдан 1952 жылға дейін партияда жұмыс істеді. Өзбекстан Коммунистік партиясы Киров аудандық комитетінің бірінші хатшысы болды. 1952 жылы Насриддинова Өзбек КСР құрылыс материалдары өнеркәсібі министрі болып тағайындалды. 1955 жылы Өзбек КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 1959 жылы ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің жоғары лауазымды мүшесі болды: Өзбек КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы және КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасы төрағасының орынбасары болып сайланды.

1970 жылы ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесінің төрайымы болып сайланды. Ядгар Насриддинова КОКП Орталық Комитетінің мүшесі және 5-9 шақырылымдардағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1974 жылы Ядгар Садыққызы КСРО құрылыс материалдары өнеркәсібі министрінің орынбасары болып тағайындалды. Біраз уақыттан кейін ол КСРО Азия және Африка істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрайымы болды. 1979 жылы Ядгар Насриддинова зейнетке шықты.

Марапаттары Ол төрт Ленин орденімен, Қазан революциясы орденімен, төрт Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен, сондай-ақ медальдармен марапатталған.

Дереккөздер