Педоцентризм (, ілік септігі – бала және – орталық) — балаларды алдын ала әзірленген оқу бағдарламалары бойынша жүйелі түрде оқыту мен тәрбиелеуді теріске шығаратын және сабақтарды тек балалардың тікелей туындайтын қалаулары мен қызығушылықтары негізінде ұйымдастыруды талап ететін педагогикалық принцип. Бұл - «бала тұлғасының өзін көрсетуіне барынша мүмкіндік туатын» оқу процесін ұйымдастыру түрі (ойындар, әңгімелесулер және балалардың қызығушылық орталықтары бойынша басқа да сабақтар). Мұндағы мұғалімнің міндеті - тек оқушылардың іс-әрекетіне бағыт-бағдар беріп отыру. Педоцентристік идеялар Ж.Ж. Руссоның, белгілі бельгиялық педагог әрі психолог Жан Овидий Декролидің және американдық педагог Дж. Дьюидің педагогикалық жүйесінің маңызды бөлігін құрайды.
Жарияланымдар Яценко Н.Е.Толковый словарь обществоведческих терминов.- СПб.: Изд-во "Лань", 1999. - 528 с.
Санат:Педагогика