Demon Days () — 2005 жылы жарық көрген Gorillaz виртуалды тобының екінші студиялық альбомы. Ең танымал композициялары: «Feel Good Inc.», «DARE», «Dirty Harry», «El Mañana» және «Kids With Guns». Бұл топтың ең табысты альбомы болып саналады.
Альбом туралы Demon Days альбомы Danger Mouse лақап атымен танымал жаңа продюсер Брайан Бёртонмен бірге жазылды. Альбомды жазуға әртүрлі жанрдағы әртістер қатысты: De La Soul («Feel Good Inc.»), Roots Manuva («All Alone»), Нене Черри («Kids With Guns»), Шон Райдер («DARE»), MF DOOM («November Has Come»), Айк Тернер («Every Planet We Reach Is Dead» әніндегі фортепиано солосы), Деннис Хоппер («Fire Coming Out of the Monkey's Head») және Bootie Brown («Dirty Harry»). Осының арқасында әр әннің өзіндік ерекше түсі мен көңіл-күйі бар.
Бұл альбомда топ көптеген музыкалық стильдерді араластыруды жалғастырып қана қоймай, сапа жағынан әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілді. Хип-хоп, электроника, гитара поп, кантри-энд-вестерн — бұл фьюжн-альбомдағы жанрлардың толық тізімі емес.
«Demon Days» мұқабасы The Beatles тобының Let It Be альбомының мұқабасына жасалған аллюзия болып табылады.
2006 жылы 23 наурызда Американың дыбыс жазу компаниялары қауымдастығы (RIAA) альбомға екі мәрте платина мәртебесін берді. NME журналы «Demon Days»-ті онжылдықтың (, 2000 жылдың қаңтарынан бастап 2009 жылдың желтоқсанына дейін) ең керемет 100 альбомы тізімінде 98-орынға қойды. Ал Vice порталының нұсқасы бойынша альбом «барлық уақыттағы ең үздік 99 би альбомы» тізімінде 60-шы орында тұр.
Композициялар тізімі
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Топтың ресми сайты Allmusic сайтындағы «Demon Days» Discogs сайтындағы Demon Days Demon Days Album Review & Analysis
Санат:Gorillaz альбомдары Санат:Virgin Records альбомдары Санат:Parlophone альбомдары Санат:Ағылшын тіліндегі альбомдар Санат:UK Albums Chart-ты басқарған альбомдар Санат:Top Dance Albums альбомдарын басқарған альбомдар