Басидж (, «Мобилизация»), ресми атауы — Сазман-е Басидж-е Мұстазъафин (, «Қысым көргендер мобилизациясы үшін ұйым») — Ислам революциясы корпусына бағынатын еріктілер әскери құрамасы. Ұйымның мүшесі парсыша басиджи делінеді.
Ұйымды 1979 жылы Рухолла Хомейни құрған болатын. Ұйым бастапқыда қарапайым еріктілерден – көбінесе Ислам революциясынан кейінгі экономикалық және геосаяси қиындықтардан зардап шеккен кедей, ауылдық ортадан шыққан адамдардан тұрды, және Хомейни оларды Иран-Ирак соғысында күресуге шақыртқан болды. Хомейни кейде Басиджді «Жиырма миллиондық армия» деп атайтын және халықтың шамамен 75%-ы басиджи қатарына кіретінін мәлімдейтін.
1981 жылғы 17 ақпанға дейін Басидж тәуелсіз ұйым болды. Сол күні Иран парламенті оны Ислам революциясы корпусының құрамына енгізген еді. Әли Акбар Хашеми Рафсанджани бұл шешім «екі ұйым арасында бәсекелестік болмасын» деген себеппен жасалды деді.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша жауынгерлік құралымдар Санат:Иран Қарулы күштері Санат:Ислам төңкерісі ұйымдары Санат:1979 жылы пайда болған ұйымдар Санат:Ислам революциясы сақшыларының корпусы Санат:Антисионистік ұйымдар Санат:Ирандағы антисионизм Санат:Ирандағы антиамериканизм