Кицунэ ( немесе ) — мифологиялық жаратылыс-ёкай жапон мифологиясы мен фольклорында, ерекше қабілеттерге ие түлкі. Көбінесе трикстер рөлін атқарады. Сенім бойынша, мыңдаған жыл өмір сүреді және басқа жануарларға немесе адамға айнала алады. Кейіпкердің шығу тегі Ежелгі Жапонияда түлкілердің кең таралуымен байланысты ..Қазіргі Жапонияда түлкінің екі түрі кездеседі: жапон қызыл түлкісі (хондо кицунэ, Хонсю аралында; Vulpes vulpes japonica) және хоккайдо түлкісі (кита кицунэ, Хоккайдода; Vulpes vulpes schrencki).</ref>. Кицунэ бүгінгі күнге дейін жапон мәдениетінде танымал кейіпкер болып қала береді

Фольклор Жапон фольклорында бұл жануарлар үлкен білімге, ұзақ өмірге және сиқырлы қабілеттерге ие. Ең басты қабілеті — адам бейнесіне ену. Аңыздарға сәйкес, түлкі мұны белгілі бір жасқа жеткенде үйренеді (әдетте 100 жыл, кейде 50). Кицунэ көбіне сұлу әйел немесе жас қыз бейнесін қабылдайды, кейде ер адамға да айналады. Жапон мифологиясында түлкі Инари құдайының қасиетті жануары ретінде көрінеді, ал қытай ықпалында ол жынға ұқсас айналғыш ретінде сипатталады.

Кицунэ басқа да қабілеттерге ие: басқа адамның денесіне ену, от шығару, түске кіру, иллюзия жасау. Кейбір аңыздарда олар кеңістік пен уақытты өзгерте алады, адамдарды адастырады. Кейде олар вампирге ұқсас, адамдардың рухани күшін соруы мүмкін. Сонымен қатар олар «хоси но тама» («жұлдыз шары») деп аталатын сиқырлы шарды қорғайды. Бұл шарда олардың күшінің бір бөлігі сақталады.

Кицунэ синто және буддизм діндерімен байланысты. Синтоизмде олар Инари құдайының елшілері болып саналады. Буддизмде олар Сингон мектебінің әсерімен танымал болды, мұнда Дакини құдайы түлкіге мініп бейнеленеді.

Тоғыз құйрықты түлкі князь Хандзокуға шабуыл жасауда. XIX ғ.]] Фольклорда ұзақ өмір сүрген кез келген түлкі рухқа айналады. Екі негізгі түрі бар: мёбу (қасиетті түлкі) және ногицунэ (жабайы түлкі).

Кицунэнің тоғызға дейін құйрықы болуы мүмкін. Құйрық саны оның жасы мен күшін білдіреді. Тоғыз құйрықты түлкілер (кюби но кицунэ) ерекше күшке ие. Ұқсас бейнелер Кореядағы кумихо мен Қытайдағы хули-цзин мифтерінде де кездеседі.

Кейбір аңыздарда кицунэ адамдарға көмектесетін рух ретінде сипатталады, бірақ көбінесе олар айлакер әрі алдамшы болып келеді. Олар бай, тәкаппар адамдарды жазалайды немесе кейде қарапайым адамдарға зиян тигізеді.

Кицунэ жиі махаббат хикаяларында кездеседі. Әдетте олар әйел бейнесінде ер адамға тұрмысқа шығады. Бірақ олардың шынайы болмысы ашылған кезде, олар кетуге мәжбүр болады.

Туынды атаулар Кицунэ удон — удон кеспесі қосылған тағам, оның атауы түлкілердің қуырылған тофуды жақсы көреді деген сенімнен шыққан.

Жаңбыр күн ашық кезде жауса, оны кицунэ-но ёмэири («кицунэ үйленуі») деп атайды.

Сілтемелер

http://www.coyotes.org/kitsune/kitsune.html http://academia.issendai.com/fox-index.shtml