Ақал келісімі — 1881 жылғы 21 қыркүйекте Ресей империясы мен Парсы елі арасында қол қойылған құжат. Осы келісім бойынша Түрікменстан Ресей империясының бақылауына өтті.
Тарихы thumb|300px XIX ғасырдың аяғына қарай Ресей империясының алдында Орта Азиядағы ағылшын экспансиясына жол бермеу міндеті тұрды. Ол үшін Түркістанды жаулап алу қажет болды. Бұл жағдайда Каспий теңізі алабының барлығы дерлік Ресейдің бақылауында болар еді. Боевая летопись русского флота., М, Военное издательство министерства вооруженных сил СССР, 1948, С. 260, 492 Ақал-теке экспедициясынан және генерал Скобелевтің Көктепе () бекінісін алғанынан кейін, Парсы билеушісі Насыр әд-Дин шах Ресей мен Парсы елінің Орта Азиядағы қарым-қатынасын реттейтін келісімге қол қоюды дайындау үшін өзінің сыртқы істер министрі Мырза Саид хан Ансариді Иван Зиновьевпен кездесуге жіберді.
Осы келісімге сәйкес, Парсы елі Орта Азияға ықпалын жоғалтты және Түркістан мен Мәуереннаһрға дәметуін тоқтатты. Осы келісім бойынша 1884 жылы Мары, Серахс, Ашхабад және оған іргелес аудандар Ресейдің бақылауына өтті. Сондай-ақ бұл келісім Атрек өзенін Ресей мен Парсы елі арасындағы жаңа шекара ретінде белгіледі. Ресей империясына қосылғаннан кейін Түркіменстан аумағы Күнгей Каспий облысы деген атау алды.
Дереккөздер
Санат:Түрікменстан тарихы Санат:Ресей империясының халықаралық келісімдері Санат:1881 жылдағы Ресей Санат:XIX ғасырдағы Иран Санат:Ресей-Иран келісімдері