Людмила Михайловна Аринина (8 қараша 1926, Синодское, Саратов губерниясы – 14 наурыз 2026, Мәскеу) — кеңестік және ресейлік театр мен кино актрисасы, РКФСР-дың еңбек сіңірген әртісі (1976).Людмила Аринина

Өмірбаяны Людмила Аринина 1926 жылғы 8 қарашада Саратов губерниясындағы Синодское ауылында дүниеге келген.

Әкесі — суретші Михаил Александрович Аринин (1897–1967).МИХАИЛ АРИНИН – Суретшілер Анасы орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі болған. Бала кезінде балерина болуды армандағанымен, бұл арманы орындалмаған. 1948 жылы А.В. Луначарский атындағы Мәскеудегі театр өнерінің мемлекеттік институтын (ГИТИС) актерлік факультетін бітірген. Ол жерде актер Владимир Белокуров курсында оқыған. Институтты аяқтағаннан кейін Могилёв және Кемерово облыстарының, сондай-ақ Брест қаласының драмалық театрларында жұмыс істеді. 1956–1963 жылдары Челябинск қаласының С.М.Цфиллинг атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет етті. 1963–1969 жылдары Ленинградта Лениндік комсомол атындағы мемлекеттік театрында актриса болды. 1969–1980 жылдары Мәскеу облысының А. Н. Островский атындағы мемлекеттік театрында еңбек етті. 1999–2006 жылдары Мәскеудегі Петр Фоменко шеберханасы театр труппасының құрамында болды.

Шығармашылығы Людмила Аринина — мінезді рөлдерді шебер орындайтын актриса ретінде танылған. Оның кейіпкерлері көбінесе тағдыры қиын, жалғыз әйел бейнелерімен ерекшеленді. Кинодағы дебюті 1967 жылы «Бір ғана өмірдің 4 беті» фильмінде болды. Кейін ол жүзден астам фильм мен тележобаға түсті.

Белгілі фильмдері: Қалған өмірімнің алдында; Әзір күлкі; Әкелер-аталар; Келешектен қонақ; Ескі көліктегі саяхат. Сондай-ақ балаларға арналған «Ералаш» киножурналында да ойнаған. Актриса киноға 2016 жылға дейін түсіп жүрді.

Жеке өмірі Бірінші күйеуі — есімі белгісіз, олар 10 жыл бірге тұрған. Екінші күйеуі — режиссёр және актер Николай Александрович Мокин. Олар 26 жыл бірге өмір сүрген. Үшінші күйеуі — зейнеттегі подполковник Николай Александрович Семёнов (1989–2021).

Өлімі Людмила Аринина 2026 жылғы 14 наурыз күні Мәскеуде 99 жасында қайтыс болды.

Марапаттары 1976 — РКФСР-дың еңбек сіңірген әртісі. 2004 — «Чайка» театр сыйлығының лауреаты («Үш әпке» спектаклі үшін). 2009 — «Светлое прошлое» халықтық сыйлығы.

Дереккөздер

Санат:КСРО актрисалары Санат:Ресей актрисалары