Ұлболсын Қамалбекқызы Жаңатаева — саяси ғылымдар докторы (2010), профессор.

Өмірбаяны, еңбек жолы 1965 жылы 15 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Грачевка ауылында туған.

ҚазМУ-ды (1987, қазіргі Қазақ ұлттық университеті), аспирантурасын (1994) жəне Мəскеу мемлекеттік əлеуметтік университетінің докторантурасын (2004) бітірген. "Болашақ" стипендиаты (2011). Қостанай педагогикалық институтында аға оқытушы (1987-91), Қостанай мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі, доценті (1994-99), Мəскеу мемлекеттік əлеуметтік университетінің филиалында директордың орынбасары (Алматы, 1999-2000), Қостанай мемлекеттік университетінде доцент (2005-08), Еуразия ұлттық университетінде доцент (2008), ғылыми кеңестің ғалым хатшысы (2008-11), 2011 жылдан Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Прокурорлық қадағалау кафедрасының профессоры (Астана қаласы).

Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми бағыты əлеуметтік саясат, ішкі саясатты зерттеуге арналған. "Қазақстан Республикасының саяси жағдайындағы трансформациялық қоғамның əлеуметтік саясаты" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Әлеуметтік саясат тақырыбы бойынша 30-дан астам ғылыми еңбектердің авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Марапаттары Прокуратура үздігі. "Болашақ" стипендиаты USA (Indiana University) (2011).

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Саясаттану ғылымының докторлары Санат:Профессорлар