Сұлтан Сүйіндікұлы Зауырбек (19 сәуір 1996, Шымкент, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан) — екінші жартылай жеңіл салмақта бақ сынасатын жеңілмеген қазақстандық кәсіби боксшы. Әуесқой ретінде ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Кәсіпқой ретінде ол қазіргі IBF Inter-Continental чемпионы (2025) және WBC Youth World Super Feather (2019), WBO European Super Feather (2021), WBA Continental (2024) бұрынғы чемпионы.

Оның BoxRec рейтингіндегі үздік орны — 11-орын (2025 жылдың сәуірі) және екінші жартылай жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшылар арасында 1-орында, ал негізгі халықаралық бокс ұйымдарының рейтингі бойынша: WBA рейтингінде 3-орын, IBF рейтингінде 5-орын – бүкіл әлемдегі екінші жартылай жеңіл салмақтағы ең үздік 15 боксшының қатарына кіреді.

Өмірбаяны Ол Шымкент қаласында көп балалы отбасында туып-өскен. Оның туған апайы, қарындасы және інісі бар. Ол Ұлы жүздің Сіргелі руынан шыққан. Анасы оның күш-қуатына әрқашан сеніп, оны аңызға айналған Майк Тайсонға ұқсайтынын айтып шабыттандыратын.

Сұлтан спортқа 11 жасында келіп, кикбоксингпен айналыса бастады. Бес жылдық жаттығу кезінде таңғажайып жетістіктерге жетті: кикбоксингтен төрт дүркін Қазақстан чемпионы; 2012 жылғы Атырау спартакиадасы чемпионатының жеңімпазы; сондай-ақ спорт шебері (СШ) және халықаралық дәрежедегі спорт шебері (ХДСШ) атақтарын алды.

Әуесқойлық мансабы 2012 жылы боксқа ауысып, 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Мұнда да СШ және ХДСШ атақтарына жетіп, мансабын әуесқой деңгейде жалғастырды. 16 жасында әуесқой мансабында тез арада керемет нәтижелер көрсетті. Ол Қазақстанда және шетелде өткен турнирлерде бірнеше рет жеңіске жетіп, жүлделі орындарға ие болды, бұл оның есімін бокс жанкүйерлері арасында танымал етті.

Кәсіпқой мансабы 2018 жылдың соңында кәсіби боксқа ауысып, жаңа биіктерге жету үшін британдық MTK Global промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды. Оның қазіргі рекорды 20 жеңіс және 0 жеңіліс, оның 13-і нокаут, бұл оның шеберлігі мен күшін көрсетеді. Сұлтан Англия мен Шотландияда жаттыққан, бірақ қазіргі уақытта оқу-жаттығу лагерін өткізіп жатқан АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұрады. Кәсіби жаттықтырушылар мен жоғары деңгейлі спаррингпен жұмыс істеу оған маңызды жекпе-жектерге дайындалуға және шеберлігін шыңдауға көмектеседі. Екінші жартылай жеңіл салмақтағы жарыстарда Сұлтан Заурбек жанкүйерлер мен сарапшылардың назарын аударатын керемет және техникалық бокс көрсетеді. Оның еңбекқорлығы, табандылығы және таланты оны біздің заманымыздың ең үміт күттіретін боксшыларының біріне айналдырады.

Азинга Фузилемен айқас 2025 жылдың 5 сәуірінде Әлімханұлы мен Нгамисенге арасындағы со-бокс кешінің негізгі жекпе-жегінде екінші жартылай жеңіл салмақтағы (59 кг дейін) бұрынғы IBF титулына үміткер Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) ұпай санымен жеңді. Екі боксшы да солақайдың тұрысында бокстасты, ринг иесі қысым көрсетіп жүрді, айқастағы ынтасы оның жағында болды, бұл оған жекпе-жектің бірінші жартысында жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Фузиле жақсы қарсы шабуыл жасады, бірақ оның әрекеттері сирек болды және жекпе-жектің барысын өзгерте алмады. Жекпе-жектің екінші жартысы шешуші түрде қазақ боксшының пайдасына шешілді. Төрешілердің ұпайлары ойынды көрсетеді: екі рет 97-93, 96-94.

Жетістіктері Жетісу кубогы 2013, Қазақстан, 56 кг дейінгі салмақ деңгейі чемпионы. Азия чемпионаты 2014, Бангкок, 56 кг дейінгі салмақ деңгейі чемпионы. Бранденбург кубогы 2014, Германия, 56 кг дейінгі салмақ деңгейі чемпионы. Жастар арасындағы Азия чемпионы (2014). Жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2014) Белград жеңісі, Белград 2016, 60 кг дейінгі салмақ деңгейі чемпионы. Ислам ынтымақтастық ойындарының қола жүлдегері (2017).

Кәсіби жекпе-жек статистикасы Айқас Есеп Күні Қарсыласы Болған жері Нәтижесі Ескерту 20 20(13)-0 5 сәуір 2025 Азинга Фузиле (18-3-0) Барыс Арена, Астана, Қазақстан UD (10/10) IBF Inter-Continental Super Feather (vacant) жеңіп алды 19 19(13)-0 7 желтоқсан 2024 Дамиан Вжесиньски (22-4-2) SETU Arena, Уотерфорд, Ирландия UD (10/10) Вжезиньски 10-раундта сол жақ қолдан басына соққы алып, нокдаунға түсті. 18 18(13)-0 21 маусым 2024 Роман Рубен Рейносо (22-4-2) Bolton Whites Hotel (De Vere Whites), Телфорд, Ұлыбритания TKO 1 (1/10) 1:41 WBA Continental Super Feather жеңіп алды. Рейносо үш рет нокдаунға түсті. 17 17(12)-0 1 наурыз 2024 Виктор Хулио (17-10-0) Telford International Centre, Телфорд, Ұлыбритания PТS (8/8) Хулио 6-раундта нокдаунға түсті. 16 16(12)-0 10 қараша 2023 Серхио Мартин Соса (13-3-0) Brighton Centre, Брайтон, Ұлыбритания ТKO 6 (6/10) 1:24 Соса 4 және 6-раундтарда нокдаунға түсті. 15 15(11)-0 21 шілде 2023 Джон Картер (15-0-1) Meadowbank Sports CentreHotel, Эдинбург, Ұлыбритания ТKO 3 (3/10) 1:44 Картердің оң көзінің жарақатына байланысты жекпе-жек үшінші раундта тоқтатылды. 14 14(10)-0 24 наурыз 2023 Реукен Кона Факундо Арсе (15-9-2) Bolton Whites Hotel, Болтон, United Kingdom ТKO 5 (5/8) 1:44 Арсе жекпе-жек тоқтатылғанға дейін нокдаунға түсті. 13 13(9)-0 15 сәуір 2022 Николас Науэль Ботелли (11-6-0) York Hall Бетнал-Грин, Ұлыбритания KO 5 (5/10) 0:41 Зауырбек 3-раундта нокдаунға түсті, ал Ботелли дене тұрқысына сол жақ хуктан тиген соққыдан нокаутқа түсті. 12 12(8)-0 11 желтоқсан 2021 Райан Уиллер (16-1-1) ЦСКА спорт кешені, Алматы, Қазақстан ТКО 6 (6/10) 1:36 WBO European Super Feather жеңіп алды 11 11(7)-0 10 шілде 2021 Ронни Кларк (21-4-2) Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, Қазақстан UD (10/10) WBO European Super Feather (vacant) жеңіп алды 10 10 (7)-0 18 желтоқсан 2020 Владислав Мельник (12-2-0) М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы, Алматы, Қазақстан UD (10/10) 9 9 (7)-0 16 желтоқсан 2019 Лешан Ли (16-3-2) Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Алматы, Қазақстан RTD 4 (4/8), 3:00 WBC Youth World Super Feather (vacant) жеңіп алды, Лешанның командасы айқасты жалғастырудан бас тартты. 88 (6)-0 6 шілде 2019 Георгий Гачечиладзе (16-34-1) Барыс Арена, Астана, Қазақстан TKO 7 (7/8) 2:15 Гачехиладзе 1-раундта нокдаунға түсті. 7 7 (5)-0 1 маусым 2019 Серхио Гонсалес (10-15-5) Vale Sports Arena, Кардифф, Ұлыбритания TKO 8 (8/8) 2:44 6 6 (4)-0 5 сәуір 2019 Чэнхун Тао (7-5-2)1 Emirates Golf Club, Дубай, БАӘ KO 5 (5/6) 5-раундтағы нокаутпен аяқталды 5 5 (3)-0 2 наурыз 2019 Лестер Кантильяно (4-24-0) East of England Arena, Питерборо, Ұлыбритания PTS 6 (6/6) Bob Williams 60-54 4 4 (3)-0 22 ақпан 2019 Лиубен Тодоров (6-3-0) Йорк Холл, Бетнал-Грин, Ұлыбритания KO 4 (4/6), 1:00 Тодоров 3-раундтың соңында сол қолдан денесіне тиген соққыдан, 4-раундта екі рет құлап қалды. 3 3 (2)-0 16 маусым 2018 Стефан Николае (3-60-2) Йорк Холл, Бетнал-Грин, Ұлыбритания KO 1/4, 2:04 1-раундта денеге соққы жасау арқылы техникалық нокаутпен аяқталды. 2 2 (1)-0 24 қараша 2018 Джонсон Теллез (9-44-5) Casino de Monte Carlo Salle Medecin, Монте-Карло, Монако ТKO 3 (3/4), 1:06 Теллес 2-раундта бір рет, ал 3-раундта екі рет құлады 1 1 (0)-0 26 қазан 2018 Хосе Агилар (16-52-4) Йорк Холл, Бетнал-Грин, Ұлыбритания PTS (4/4) Сұлтанның кәсіби дебюті, қарсыласын 1-раундта және 2-раундта нокаутқа түсірді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан боксшылары