Инна Амандыковна Базанова — техникалық ғылымдарының докторы (2010), профессор (2011).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1975 жылы 15 қыркүйекте Ақтөбе қаласында туған. Қазақ көлік жəне коммуникациялар академиясын (ҚазККА), қазіргі (ALT Университеті) бітірген (1998). ҚазККА Ақтөбе бөлімшесінде ассистент, аға оқытушы (2000-05), ҚазККА-да доцент (2005-11) қызметтерін атқарды. 2011 жылдан профессор. Негізгі ғылыми бағыты – қауіпті табиғи құбылыстардан (сел, көшкін, дауыл, сырғыма, жер сілкінісі) қорғану құрылымдарын зерттеу.

Ғылыми еңбектері "Жолды қара топырақ көшкінінен қорғаудың теориясы жəне практикасы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 2 патенттің иегері.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар