Құндылықтар интерференциясы — қоғамдағы дәстүрлі (тарихи, мәдени) және инновациялық (заманауи, технологиялық) құндылықтардың өзара әрекеттесу, тоғысу және бір-біріне ықпал ету процесі. Бұл құбылыс әсіресе трансформация кезеңіндегі қоғамдарда, соның ішінде қазіргі Қазақстанның әлеуметтік-мәдени кеңістігінде айқын көрініс табады.
Философиялық негіздері Құндылықтар интерференциясы барысында екі түрлі бағыттың тоғысуы жүреді: Дәстүрлі құндылықтар: Ұрпақтан ұрпаққа берілетін салт-дәстүрлер, отбасылық институты, үлкенді сыйлау, ұлттық бірегейлік. Инновациялық құндылықтар: Жаһандану, цифрландыру, еркін нарық, жеке тұлғаның автономиясы және технологиялық прогресс әкелген жаңа нормалар.
Зерттеушілердің (мысалы, М.Б. Сыздыкова, Ж.О. Әбікенов) пікірінше, бұл процесс құндылықтардың жойылуы емес, олардың заман талабына сай бейімделуі мен жаңа мазмұнға ие болуына алып келеді. Сыздыкова М.Б., Әбікенов Ж.О. Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі дәстүрлі және инновациялық құндылықтарды философиялық талдау // Қарағанды университетінің хабаршысы. «Тарих. Философия» сериясы. – 2025. – № 1(117). – 351-362 бб. DOI: https://doi.org/10.31489/2025HPh1/351-362
Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі көрінісі Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде (Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстары және Шымкент, Алматы қалалары) құндылықтар интерференциясы өзіндік ерекшелікке ие. Әлеуметтік зерттеулер нәтижесі көрсеткендей: 1. Тұрғындардың басым бөлігі дәстүрлі құндылықтарды (отбасы, тәрбие) жоғары қояды. 2. Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар мен медиа-мәдениеттің ықпалымен жаңа құндылықтар жүйесі (инновациялық) қатар өмір сүреді. 3. Жастар арасында гаджет мәдениеті мен виртуалды қарым-қатынас дәстүрлі бетпе-бет сөйлесу формаларын толықтырып, кейде олардың орнын басуда.
Маңызы Құндылықтардың үйлесімді интерференциясы қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді. Дәстүр мен жаңашылдықтың тепе-теңдігі ұлттық кодты сақтай отырып, жаһандық әлемге интеграцияланудың негізі болып табылады.
Дереккөздер