Праксифея (көне грекше: Πραξιθέα) — көне грек мифологиясының кейіпкері. Еврипидтің тек үзінділер түрінде ғана сақталған «Эрехтей» трагедиясында ол Кефис өзен құдайының қызы болып көрсетіледі және оның үш баласы бар. Осы контекстегі Праксифеяға қатысты кейінгі барлық ескертулер Еврипидке барып тіреледі.Псевдо-Аполлодор. Мифологическая библиотека III 15, 1Otto Jessen: Praxithea 1. In: Wilhelm Heinrich Roscher (Hrsg.): Ausführliches Lexikon der griechischen und römischen Mythologie Band 3,2, Leipzig 1909, Sp. 2930 f. Афиналық патша Эрехтейдің әйелі. Олардың балалары: ұлдары — Кекропс, Пандор және Метион,Любкер Ф. Metion // Реальный словарь классических древностей по Любкеру / под ред. Ф. Ф. Зелинский, А. И. Георгиевский, М. С. Куторга, Ф. Гельбке, П. В. Никитин, В. А. Канский, пер. А. Д. Вейсман, Ф. Гельбке, Л. А. Георгиевский, А. И. Давиденков, В. А. Канский, П. В. Никитин, И. А. Смирнов, Э. А. Верт, О. Ю. Клеменчич, Н. В. Рубинский — СПб.: Общество классической филологии и педагогики, 1885. — С. 866. қыздары — Прокрида, Креуса, Хтония, Орифия (сондай-ақ кейбір деректер бойынша Протогения мен Пандора).Apollodorus, Library 3.15.1 Cambridge, MA, Harvard University Press; London, William Heinemann Ltd. 1921. ISBN 0-674-99135-4.Suda Encyclopedia s.v. Maidens, Virgins (Παρθένοι)

Афиналықтардың Элефсинмен соғыста жеңіске жетуі үшін қыздарын құрбан еткен (мифтің бірнеше нұсқасы бар).Ликург. Против Леократа 98сл., см. Мифы народов мира. М., 1991. В 2 т. Т.2. С.332 Бір нұсқа бойынша - фракиялық Еумолп үлкен әскермен Афинаны қоршауға алған кезде, патша Эрехтей Дельф оракулынан кеңес сұрайды. Болжам бойынша, жеңіске жету үшін ол бір қызын құрбан етуі тиіс еді. Алайда ол да, оның жұбайы Праксифея да бір жайтты білмеген: үш әпке егер біреуі қаза тапса, бәрі бірге өлуге ант еткен болатын. Таңдалған қызы құрбан етілген соң, қалған екеуі өз-өзіне қол жұмсайды. Эрехтей шайқаста жеңіске жетіп, әскербасыны өлтіреді, бірақ өзі Посейдонның — Еумолптың әкесінің өтініші бойынша Зевстің найзағайынан қаза табады. Үш қыз аспанға көтеріліп, Гиадалар шоқжұлдызына айналған.Karl Kerényi: Die Mythologie der Griechen. Bd. II: Die Heroen-Geschichten. dtv, München, ISBN 3-423-01346-X, S. 174.

Дереккөздер

Санат:Ежелгі грек мифологиясы