«Ұстаз» ұлттық цифрлық платформасы – Қазақстан Республикасында педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын және аттестаттау рәсімін цифрландыру мақсатында енгізілген ұлттық электрондық платформа. Платформа педагогтер туралы деректерді біріздендіруге, аттестаттау үдерісін автоматтандыруға және кәсіби қызмет нәтижелерін жүйелі түрде бағалауға арналған.Об утверждении Правил и условий проведения аттестации педагогов - ИПС "Әділет" «Ұстаз» платформасы педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттарына сәйкес, мемлекетке тиесілі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы тарапынан әзірленді.https://orleu-edu.kz/%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B-%D0%B0%D1%88%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%9B-%D2%B1%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B7-%D0%BF%D0%BB%D0%B0/

Мақсаты «Ұстаз» ұлттық платформасының мақсаты – педагогтерді аттестаттау рәсімдерін автоматтандыруға және олардың кәсіби дамуына қатысты деректерді бірыңғай цифрлық ортада жүргізуге арналған инфрақұрылымды қамтамасыз ету.

Міндеттері

педагогтерге қатысты мәліметтерді бір цифрлық жүйеде жинақтау; аттестаттау рәсімін толық электрондық форматта жүргізу; педагогтің кәсіби жолын, біліктілік санаттарын және жетістіктерін тіркеу; деректердің ашықтығы мен рәсімдердің әділдігін қамтамасыз ету.

Құрылу тарихы Ұлттық платформа білім беру саласын цифрландыруға бағытталған мемлекеттік бастамалар аясында әзірленді. Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде педагогтерді аттестаттау процесін жаңғырту қажеттілігімен байланысты болды.

Ұлттық платформа 2024–2025 оқу жылынан бастап кезең-кезеңімен қолданысқа енгізілді. Жүйе арқылы педагогтерді аттестаттау рәсімдері электрондық форматта жүргізіле бастады.https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/1133168?lang=kk#:~:text=%D0%91%D0%B8%D1%8B%D0%BB%20%D0%B0%D0%BB%D2%93%D0%B0%D1%88%20%D1%80%D0%B5%D1%82%20%D1%80%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%20%D0%B1%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%88%D0%B0%20%C2%AB%D2%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%B7%C2%BB%20%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D0%B3%D1%82%D1%96%D2%A3,%D0%BF%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D0%B3%D0%BE%D0%B3%20%D0%B1%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA%20%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B0%20%D3%A9%D1%82%D1%96%D0%BD%D1%96%D1%88%20%D0%B1%D0%B5%D1%80%D0%B4%D1%96.%D0%9F%D0%BB%D0%B0%D1%82%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%B4%D0%B0%20%D0%BC%D2%B1%D2%93%D0%B0%D0%BB%D1%96%D0%BC%D0%B3%D0%B5%20%D2%9B%D0%B0%D1%82%D1%8B%D1%81%D1%82%D1%8Bhttps://inbusiness.kz/kz/last/elimizde-pedagogterdi-attestattau-procesi-avtomattandyryldy

Қолданылу аясы Платформа мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, арнайы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін қолданылады. Ол педагогтерге біліктілік санатын растау немесе жоғарылату, кәсіби жетістіктерін көрсету және ресми рәсімдерге қатысу үшін пайдаланылады.

Дереккөздер

Санат:Платформалар