Руслан Римзиевич Курбанов (17 қыркүйек 1991, Өскемен) — қазақстандық шпагашы, семсерлесуден Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Азия ойындарының үш дүркін жүлдегері, 4 дүркін Азия чемпионы (2013, 2015, 2017, 2024). 2026 жылы Германияда өткен Әлем куобгының жеңімпазы.

2020 және 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.

Спортық мансабы 2013 жылы Қазан қаласында өткен Жазғы Универсиадада жекелей сында күміс, ал командалық есепте қола медаль иеленді. Сол жылы Азия чемпионы Эльмир Алимжановты жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.

2023 жылы Миланда өткен әлем чемпионатында жекелей сында қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл — Қазақстан тарихындағы фехтованиеден әлем чемпионатының алғашқы жекелей жүлдесі.

2020 жылғы Токио Олимпиадасында 12-орын, ал 2024 жылғы Париж олимпиадасында 6-орын алды.

2025 жылы Тбилисиде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында командалық шпагадан қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін таласта Қазақстан құрамасы Францияны 45-31 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

2026 жылдың ақпан айында Германияның Хайденхайм қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы 1/32 финалда командаласы Эльмир Әлімжановты 15:14 есебімен ұтты. Одан кейін ол Венгрия өкілі Давид Нагиді 15:13, сондай-ақ, жапониялық Акира Коматаны 15:11 есебімен жеңді.

Ширек финалда Руслан Курбанов тағы бір қазақстандық семсерлесуші Никита Жулинскийден 12:11 есебімен басым түсті. Ал финалға жолдама алу үшін өткен кездесуде ол Нидерланд спортшысы Тристан Тюленді сенімді түрде жеңіп, матчты 15:9 есебімен аяқтады.

Финалда Руслан Курбанов италиялық Давиде Ди Веролиді 15:14 есебімен жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды.

Жеке өмірі 1991 жылы 17 қыркүйекте Өскеменде туған. Фехтованиемен 12 жасынан бастап айналысады. Дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында оқып, кейін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Бұрынғы жары — Тамара Почекутова, семсерлесуші (сабля). 2013 жылы туған ұлы бар.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Халықаралық фехтование федерациясының сайтындағы профилі

Санат:Өскеменде туғандар Санат:Қазақстан спортшылары

ru:Курбанов, Руслан Римзиевич en:Ruslan Kurbanov (fencer) de:Ruslan Kurbanov it:Ruslan Kurbanov fr:Ruslan Kurbanov