Оқсыз қалашығы — Отырар ауданы, Маяқұм ауылының солтүстігінде 9,5км қашықтықта, Ақжар деген жерде орналасқан. 1900 жылы Н.В.Руднев қазба жүргізіп зерттеген. 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялқ экспедициясы (А.Н.Бернштам), 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы (К.А.Ақышев, К.М.Байпақов) зерттеген. Ғылыми әдебиетте Оқсыз Әбу Насыр әл-Фараби туған ортағасырлық Весидж қаласы деп есептеледі. XIII ғасырда қала Зернук деген басқа атпен белгілі болған. Сырдария өзеніндегі өткел қасында орналасқан. XIII ғасыр ортасында Зернук қаласы армян патшасы Гетум саяхатының сипаттамасында аталады.«Түркістан энциклопедиясы І том» - Астана: Мүгедектігі бар адамдарға арналған әлеуметтік кәсіпкерлік құру бойынша «Жарқын іс - Славное дело» қоғамдық бірлестігі, 2023 ж. - 440 б.
Дереккөздер