67-ші «Грэмми» марапаты — 2023 жылдың 16 қыркүйегі мен 2024 жылдың 30 тамызы аралығында жарық көрген ең үздік туындыларды, композициялар мен орындаушыларды ұлықтау рәсімі. Дыбыс жазу академиясы мүшелерінің таңдауымен анықталған жеңімпаздарды марапаттау кеші 2025 жылдың 2 ақпанында өтті.
Кеш тізгінін оңтүстік африкалық танымал комик Тревор Ноа ұстады — ол бұл мәртебелі міндетті осымен бесінші жыл қатарынан абыроймен атқарып келеді.
Салтанатты шара осымен 22-ші жыл қатарынан Лос Анжелестегі Crypto.com Arena сарайында ұйымдастырылды. Рәсімнің негізгі бөлімі CBS телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіліп, Paramount+ стриминг сервисі арқылы таратылды. Негізгі кеш басталмас бұрын, Peacock театрында (жергілікті уақытпен сағат 12:30-да) алдын ала марапаттау рәсімі («Premiere Ceremony») болып өтті.
Номинанттар тізімі 2024 жылдың 8 қарашасында YouTube желісіндегі тікелей трансляция кезінде жарияланды. Кендрик Ламар тоғыз номинациямен көш бастаса, басты номинанттардың қатарына Леди Гага (7), Джек Антонофф (7), Cirkut (7), Бад Банни (6), Сабрина Карпентер (6), Сербан Генеа (6) және Леон Томас (6) енді.
Кендрик Ламар осымен екінші жыл қатарынан кештің басты кейіпкеріне айналды. Ол бес марапатты жеңіп алды, оның ішінде «Luther» әні үшін «Жыл жазбасы» мен «Үздік мелодиялық рэп орындауы» номинациялары, сондай-ақ GNX туындысы үшін «Үздік рэп-альбом» жүлдесі бар. Осы жетістігінің арқасында ол Jay-Z-ді артқа тастап, «Грэмми» тарихындағы ең көп марапат иеленген хип-хоп орындаушы ретінде рекорд орнатты.
Билли Айлиш пен оның ағасы Финнеас «Wildflower» туындысы үшін «Жыл әні» номинациясын жеңіп алып, «Грэмми» тарихында осы санат бойынша ең көп марапат алған әртістер атанды (әрқайсысында үш сыйлықтан бар). Бұл жеңіс Билли Айлишке басты номинациялар бойынша жеңіс саны жағынан Адельмен теңесуге мүмкіндік берді — қазір екі әншінің де қоржынында жеті сыйлықтан бар.
Бад Баннидің Debí Tirar Más Fotos туындысы «Жыл альбомы» номинациясын жеңіп алған алғашқы испан тілді альбом ретінде тарихқа енді. Оливия Дин «Үздік жаңа әртіс» сыйлығын иеленсе, рэпер Tyler, the Creator-дың Chromakopia альбомы биыл алғаш рет тағайындалған «Үздік альбом мұқабасы» марапатына лайық деп танылды. K-Pop сайтан аулаушылары альбомындағы «Golden» туындысы «Визуалды медиа үшін жазылған үздік ән» сыйлығын иеленіп, «Грэмми» тарихында марапатқа ие болған алғашқы K-pop жанрындағы шығарма атанды.
Стивен Спилберг 2024 жылы жарық көрген «Джон Уильямстың музыкасы» (Music by John Williams) туындысының продюсері ретінде «Үздік музыкалық фильм» номинациясында «Грэмми» сыйлығын иеленді. Осы жеңісінің арқасында ол ЭГОТ (EGOT) статусына қол жеткізген әлемдегі 22-ші тұлға атанды.
Тарихы 2025 жылдың 12 маусымында Дыбыс жазу академиясы түрлі номинацияларға қатысты бірқатар өзгерістерді жариялап, 2026 жылғы салтанатты шараға үміткерлерді іріктеу ережелерін жаңартты.
Номинациялардағы өзгерістер Екі жаңа номинация қосылды: «Үздік дәстүрлі кантри-альбом» және «Үздік альбом мұқабасы». Осылайша, номинациялардың жалпы саны 95-ке жетті. «Үздік кантри-альбом» номинациясының атауы «Үздік заманауи кантри-альбом» болып өзгертілді. «Үздік қорапталған немесе арнайы шектелген басылым дизайны» номинациясы қайтадан «Үздік жазба дизайны» (Best Recording Package) санатына біріктірілді.
Академия мүшелігіне енгізілген өзгерістер Дыбыс жазу академиясына 3800 жаңа музыка маманы мен шығармашылық өкілі мүшелікке шақырылды. Олардың 50% — 39 жасқа дейінгілер, 58% — түрлі нәсіл өкілдері (people of color), ал 35% — әйелдер. 2025 жылдың 4 қарашасында «Грэмми» тарихында алғаш рет «Латын Грэмми» (Latin Grammy Awards) сыйлығына дауыс беретін мүшелер Дыбыс жазу академиясына қосылуға шақырылды. Нәтижесінде, 2025 жылғы жаңа мүшелердің 28% латынамерикалықтар (Hispanic/Latino) құрады.
Критерийлерге енгізілген түзетулер Бұрын «Жыл альбомы» номинациясына ұсынылған жазбаға қатысқан әртістер, егер олардың альбомға қосқан үлесі 20 пайыздан аспаса, енді «Үздік жаңа орындаушы» номинациясына үміткер бола алады. Композиторлар мен мәтін авторлары (либреттистер) классикалық музыка саласындағы бірқатар номинациялар бойынша («Үздік оркестрлік орындау», «Үздік хор орындауы», «Үздік камералық музыка/шағын ансамбль орындауы», «Үздік классикалық аспаптық соло» және «Үздік классикалық вокалдық соло альбомы») «Грэмми» марапатын иеленуге мүмкіндік алды. Бұған дейін бұл санаттарда тек орындаушылар, продюсерлер мен дыбыс инженерлері ғана марапатталатын. «Үздік мюзикл альбомы» номинациясы бойынша марапатқа ие бола алатын негізгі вокалистердің ең көп саны төртеуден алтыға дейін ұлғайтылды. «Үздік жазба дизайны», «Альбомға жазылған үздік аннотация» және «Үздік тарихи альбом» номинациялары үшін физикалық өнімге қойылатын талаптар заманауи нарық сұранысына сай кеңейтілді. Енді әртістің немесе лейблдің ресми сайты арқылы тікелей сатылған физикалық альбомдар да «Грэмми» сыйлығына қарастырылатын болады. Дизайн, аннотация және тарихи альбомдар саласына жауап беретін сарапшылар комитеті (Craft Committee) өңірлік жұмыс моделінен ұлттық модельге көшеді. «Үздік өңірлік дәстүрлі музыка альбомы», «Үздік прогрессивті R&B альбомы», «Үздік би-поп жазбасы», «Үздік америкалық дәстүрлі орындау» және «Үздік америкалық дәстүрлі ән» номинацияларының сипаттамаларына нақтылаушы өзгерістер енгізілді.
Дауыс беру процесіне енгізілген өзгерістер 2026 жылғы «Грэмми» бюллетеньдері тарихта алғаш рет әліпбилік ретпен емес, кездейсоқ (рандомды) тәртіппен ұсынылды. Жазу академиясының марапаттар және жаһандық индустрия жөніндегі бас директоры Руби Маршан бұл өзгеріс туралы: «Бюллетеньнің бұл жаңартуы біздің процесті дауыс берудің стандартты озық тәжірибелеріне сәйкестендіреді... және барлық үміткерлер үшін процестің әділ әрі тең болуын қамтамасыз етеді», — деп мәлімдеді. Бұл қадам дауыс берушілер тек өздерінің сүйікті әртістерін таңдамай, тізіммен толық танысып шығуы үшін, сондай-ақ әліпби бойынша тізімнің басында тұрған орындаушылардың негізсіз артықшылыққа ие болуына жол бермеу мақсатында жасалған деп есептеледі.
Марапаттар мен номинациялар Жеңімпаздар тізімнің басында көрсетіліп, қалың қаріппен ерекшеленген. Негізгі сала
Жыл жазбасы Жыл альбомы "Luther" — Кендрик Ламар және SZA "Abracadabra" — Леди Гага "Anxiety" — Doechii "Apt." — Розэ және Бруно Марс "DtMF" — Bad Bunny "The Subway" — Чаппелл Рон "Manchild" — Сабрина Карпентер "Wildflower" — Билли Айлиш Debí tirar más fotos — Bad Bunny Mayhem — Леди Гага Swag — Джастин Бибер Man’s Best Friend — Сабрина Карпентер Let God Sort Em Out — Clipse GNX — Кендрик Ламар Mutt — III Леон Томас Chromakopia — Tyler, the Creator Жыл әні Үздік жаңа әртіс "Wildflower" — Билли Айлиш "Abracadabra" — Леди Гага "Apt." — Розэ және Бруно Марс "Anxiety" — Doechii "DtMF" — Bad Bunny "Golden" — K-Pop сайтан аулаушылары "Luther" — Кендрик Ламар және SZA "Manchild" — Сабрина Карпентер Оливия Дин Katseye The Marías Эддисон Рей Sombr III Леон Томас Алекс Уоррен Лола Янг Жыл продюсері Жыл авторы Cirkut Дэн Ауэрбах Dijon Блейк Миллс Sounwave Эми Аллен Эдгар Баррера Джесси Джо Диллон Тобиас Джессо-кіші Лора Вельтц
Поп және Би/Электронды музыка Үздік поп жеке орындау Үздік поп дуэт/топтық орындау "Messy" — Лола Янг "Daises" — Джастин Бибер "Manchild" — Сабрина Карпентер "Disease" — Леди Гага "The Subway" — Chappell Roan "Defying Gravity” — Синтия Эриво және Ариана Гранде "Golden" — K-Pop сайтан аулаушылары "Gabriela" — Katseye "Apt." — Розэ және Бруно Марс "30 for 30” — SZA және Кендрик Ламар Үздік поп-вокалдық альбом Үздік би/электронды жазба Mayhem — Леди Гага Swag — Джастин Бибер Man’s Best Friend — Сабрина Карпентер Something Beautiful — Майли Сайрус I’ve Tried Everything But Therapy (Part 2) — Тедди Свимс "End of Summer” — Tame Impala "No Cap” — Disclosure және Anderson .Paak "Victory Lap” — Fred Again, Skepta және PlaqueBoyMax "Space Invader” — Kaytranada "Voltage” — Skrillex Үздік би-поп жазбасы Үздік би/электронды альбом "Abracadabra” — Леди Гага "Bluest Flame” — Селена Гомес және Бенни Бланко "Midnight Sun” — Зара Ларссон "Just Keep Watching" — Тейт Макрей "Illegal" — PinkPantheress Eusexua — FKA twigs Ten Days — Fred Again Fancy That — PinkPantheress Inhale / Exhale — Rüfüs Du Sol Fuck U Skrillex You Think Ur Andy Warhol But Ur Not!! <3 — Skrillex
Рок, Металл және Альтернативті музыка Үздік рок орындау Үздік метал орындау "Changes (Live from Villa Park) Back to the Beginning” — Yungblud, Nuno Bettencourt, Frank Bello, Адам Уэйкман және II "U Should Not Be Doing That” — Amyl and the Sniffers "The Emptiness Machine” — Linkin Park "Never Enough” — Turnstile "Mirtazapine” — Хейли Уильямс "Birds” — Turnstile "Night Terror” — Dream Theater "Lachryma” — Ghost "Emergence” — Sleep Token "Soft Spine” — Spiritbox Үздік рок әні Үздік рок-альбом "As Alive as You Need Me to Be” — Nine Inch Nails "Caramel” — Sleep Token "Glum” — Хейли Уильямс "Never Enough” — Turnstile "Zombie” — Yungblud Never Enough — Turnstile Private Music — Deftones I Quit — HAIM From Zero — Linkin Park Idols — Yungblud Үздік альтернативті орындау Үздік альтернативті альбом "Alone” — The Cure "Everything Is Peaceful Love” — Bon Iver "Seein' Stars” — Turnstile "Mangetout” — Wet Leg "Parachute” — Хейли Уильямс Songs of a Lost World — The Cure Sable, Fable — Bon Iver Don’t Tap the Glass — Tyler, the Creator Moisturized — Wet Leg Ego Death at a Bachelorette Party — Хейли Уильямс
R&B, Рэп және Поэтикалық альбом Үздік R&B орындау Үздік дәстүрлі R&B орындау "Folded" — Kehlani "Yukon" — Джастин Бибер "It Depends" — Крис Браун және Брайсон Тиллер "Mutt (Live from NPR's Tiny Desk)" — III Леон Томас "Heart of a Woman" — Саммер Уокер "Vibes Don’t Lie" — III Леон Томас "Here We Are" — Дюранд Бернар "Uptown" — Лала Хатауэй "Love You Too" — Ledisi "Crybaby" — SZA Үздік R&B әні Үздік прогрессивті R&B альбом "Folded" — Kehlani "Heart of a Woman" — Саммер Уокер "It Depends" — Крис Браун және Брайсон Тиллер "Overqualified" — Дюранд Бернар "Yes It Is" — III Леон Томас Bloom — Дюранд Бернар Adjust Brightness — Билал Love on Digital — Дестин Конрад Access All Areas — FLO Come as You Are — Террейс Мартин және Кеньон Диксон Үздік R&B альбом Үздік рэп орындау Mutt — III Леон Томас Beloved — Giveon Why Not More? — Коко Джонс The Crown — Ledisi Escape Room — Теяна Тейлор "Chains & Whips" — Clipse, Pusha T, Malice, Кендрик Ламар және Фаррелл Уильямс "Outside" — Cardi B "Anxiety" — Doechii "TV Off" — Кендрик Ламар және Lefty Gunplay "Darling I" — Tyler, the Creator және Тиизо Тачдаун Үздік мелодиялық рэп орындау Үздік рэп әні "Luther" — Кендрик Ламар және SZA "Proud of Me" — Fridayy және Meek Mill "Wholeheartedly" — JID, Ty Dolla Sign және 6lack "WeMaj" — Террейс Мартин, Кеньон Диксон және Rapsody "Somebody Loves Me" — PartyNextDoor және Drake "TV Off" — Кендрик Ламар және Lefty Gunplay "Anxiety" — Doechii "The Birds Don’t Sing" — Clipse, Pusha T, Malice, Джон Ледженд және Voices of Fire "Sticky" — Tyler, the Creator, GloRilla, Sexyy Red және Lil Wayne "TGIF" — GloRilla Үздік рэп-альбом Үздік поэтикалық альбом GNX — Кендрик Ламар Let God Sort Em Out — Clipse Glorious — GloRilla God Does Like Ugly — JID Chromakopia — Tyler, the Creator Words for Days Vol.1 — Mad Skillz A Hurricane in Heels: Healed People Don’t Act Like That — Queen Sheba Black Shaman — Марк Марсель Pages — Омари Хардвик және Энтони Хэмилтон Saul Williams Meets Carlos Niño & Friends at Treepeople — Сол Уильямс, Карлос Ниньо және Friends
Джаз, Дәстүрлі поп, Заманауи аспаптық музыка және Мюзикл Үздік джаз орындау Үздік джаз вокалдық альбомы "Windows – Live" — Чик Кориа, Кристиан Макбрайд және Брайан Блейд Portrait — Самара Джой Үздік джаз аспаптық альбомы Үздік үлкен джаз ансамблі альбомы ''Southern Nights — Салливан Фортнер, Питер Вашингтон және Маркус Гилмор қатысуымен|valign=top width=50%| Without Further Ado, Vol 1 — Christian McBride Big Band|- !style="background:#EEDD85;"| Үздік латын джаз альбомы