Айбек Серікбайұлы Смадияров (7 шілде 1983 жыл, Шымкент) — қазақстандық саясаткер, дипломат, 2026 жылғы қаңтардан бергі Президент кеңесшісі — Баспасөз хатшысы. II сыныпты төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

Ерте жылдары және білімі Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында туған.

Ол 2004 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіндегі «құжаттанушы және халықаралық саясат білгірі» мамандығына оқуын бітірді.

Ол Түркия СІМ жас дипломаттар курстарын, Қазақстан СІМ құрылымдық бөлімшелер елшілері мен басшыларына арналған курстардан өткен.

Мансабы Смадияров мансабын 2005 жылы «Қазақстандағы Қытай банкі» АҚ Әкімшілік департаментінің маманы ретінде бастады.

2006–2008 жылдары ол Қазақстан Сыртқы істер министрлігі (СІМ) Консулдық қызмет департаментінің маманы болды. Одан кейін, 2010 жылға дейін ол СІМ Еуропа департаментінің атташесі және үшінші хатшысы болды.

2010 жылдан 2012 жылға дейін ол Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің үшінші хатшысы еді. 2012 жылы ол Қазақстан президенті баспасөз қызметінің сарапшысы болды. Бұл қызметте ол 2013 жылға дейін болды.

Бұдан кейін 2014 жылға дейін Смадияров СІМ Сыртқы саяси сараптау мен болжамдау комитетінің бірінші хатшысы лауазымына ие болған. 2014–2018 жылдары ол Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің екінші, кейін бірінші хатшысы еді.

2018—2025 жылдары Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы және министрліктің ресми өкілі болды.

2018 жылдан 2019 жылға дейін ол — СІМ баспасөз қызметінің басшысы. Кейін 2023 жылға дейін ол СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары — баспасөз хатшысы болды.

2023–2025 жылдары ол — СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры және ресми өкілі. 2025 жылғы 4 наурыздан 9 желтоқсанға дейін ол СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы — ресми өкілі қызметін атқарды.

2025 жылғы 15 желтоқсанда Смадияров Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған болатын.

2026 жылғы 29 қаңтарда таңертең президент Тоқаев Руслан Желдібайды қызметінен босатып, оның орнына Смадияровты Президент кеңесшісі — Баспасөз хатшысы қылып тағайындады.

Өз өмірі Смадияров үйленген, оның бір ұлы және екі қызы бар. Ол қазақша, орысша, ағылшынша және түрікше сөйлейді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан дипломаттары Санат:Қазақстан құжаттанушылары Санат:Қазақстан президентінің кеңесшілері Санат:Қазақстан президентінің баспасөз хатшылары Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері