Күлжан Әуезова (29 мамыр 1929 жыл, Қазақ КСР, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылы – 26 ақпан 2006 жыл, сонда) — сауыншы, еңбек ардагері. Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері (1973). «Ардақты ана» құрметті атағының иегері.

Өмірбаяны Күлжан Әуезова 1950 жылдан бастап Сырдария ауданындағы «Жеңіс» ұжымшарының фермасында сауыншы болып еңбек етті. Еңбек жолының алғашқы жылдарынан-ақ жоғары нәтижелерімен көзге түсті.

1957 жылы социалистік жарыс барысында 20 бас сиырдың әрқайсысынан 3 мың литр сүт сауып, үздік көрсеткішке қол жеткізді. Осы жетістігі үшін «Жамбыл» ұжымшарының сауыншысы Әуезова Күлжанның есімі ауданның «Құрмет кітабына» енгізілді.

1958 жылы өткен облыстық байқауда «Облыстың ең үздік сауыншысы» атағын жеңіп алды. Отағасы екеуі бірлесе отырып, жыл сайын әр сиырдан орта есеппен 3150 литр сүт сауып, еңбек рекордын орнатты.

Еңбек жолында жас сауыншылардың бірнеше буынын тәрбиелеп, оларға кәсіби тәлім-тәрбие берді, өнегелі өмір жолын көрсетті.

1962 жылы Мәскеу қаласында өткен КСРО тұтынушылар кооперациясы өкілдерінің VI съезіне делегат болып қатысты.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024

Қоғамдық қызметі 1971–1975 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды.

Марапаттары мен атақтары Ленин ордені (1960) Еңбек Қызыл Ту ордені (1963) «Құрмет белгісі» ордені (1966) Бірнеше медальдардың иегері Қазақ КСР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері (1973) «Ардақты ана» құрметті атағы

Ескерткіштері 2019 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында Күлжан Әуезованың құрметіне ескерткіш белгі орнатылды.

Дереккөздер

Санат:Сауыншылар