Милиция инспекторы () — 1936-1943 жылдар аралығында КСРО ІІХК милициясының жоғарғы басқарушы құрамның арнайы атағы. Бұл атақ ІІХК МҚББ 3-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарына, ЖШҚӘ коркомына, ЖШҚФ 1-дәрежелі флагманға теңестірілген болатын. Бұл арнайы атақ милиция директорынан төмен және милиция аға майорынан жоғары тұрды.
Тарихы Милиция инспекторы атағы КСРО ОАК мен КСРО ХКК 1936 жылғы 26 сәуірдегі қаулысымен КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милициясы органдары басшылық құрамы үшін енгізіліп, ІІХК-ның 1936 жылғы 5 мамырдағы № 157 бұйрығымен жарияланды.
1943 жылы 9 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «ІІХК және милиция органдарындағы басшылық құрамның атақтары туралы» Жарлығымен милиция инспекторы мен директорының орнына 2- және 1-дәрежелі милиция комиссары арнайы атағы енгізілді.
Кіші атақ:Милиция аға майоры30pxІІХК ЖШМББ1936-1943Милиция инспекторы Жоғарғы атақ:Милиция директоры
Милиция инспекторларының тізімі 11.07.1936 — Жупахин Сергей Георгиевич (1888—1940), Ленинград облысы ІІХКБ жұмысшы-шаруа милициясы басқармасының басшысы 11.07.1936 — Климов Михаил Ефимович (1897—?), ЖШМББ оқу бөлімі басшысы 11.07.1936 — Невернов Адам Сергеевич (1895—1962), КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милициясы Бас басқармасының қылмыстық тергеу бөлімі басшысы 21.04.1939 — Москов Владимир Семенович (1901—1960), КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милициясы бас басқармасының теміржол милициясы бөлімі басшысы 14.03.1940 — Галкин Александр Григорьевич (1904—1971), КСРО ІІХК жұмысшы-шаруа милициясы Бас басқармасы басшысы1943 ж. бастап — 1-дәрежелі милиция комиссары. 14.03.1940 — Романченко Виктор Николаевич (1906—1950), Мәскеу облысы ІІХКБ Мәскеу қ. жұмысшы-шаруа милициясы басқармасы басшысы1943 ж. бастап — 2-дәрежелі милиция комиссары. 17.03.1942 — Грушко Евгений Семенович (1894—1955), Ленинград облысы ІІХКБ жұмысшы-шаруа милициясы басқармасы басшысы
Дереккөздер
Санат:КСРО ішкі істер органдарының арнайы атақтары