thumb|250px|Оториноларинголог дәрігер баланың құлағын қарауда Оториноларингология (, οὖς «құлақ» + ῥινός «мұрын» + λάρυγξ «көмей» + λόγος «ғылым») — құлақ, тамақ, мұрын және мойын патологияларын зерттеп, емдейтін медицина саласы. Оған мамандырылған дәрігерді оториноларинголог немесе лор-дәрігер (ларингооторинология қысқартуымен) деп атайды.

Бұған қатысты алғашқы медициналық деректерді Гиппократ, А. Цельс еңбектерінен таба аламыз.

Жеке сала ретінде ол XIX ғасырдың екінші жартысында дами бастайды.

1896 жылы Мәскеуде С. Ф. Штейн деген атақты лор-дәрігер құлақ, мұрын, тамақ ауруларын емдейтін клиника ашып, осы саланың дамуына зор септігін тигізеді.

Дереккөздер

Санат:Медицина