(89) Юлия — Негізгі белдеуде айналып жатқан ірі астероид.

Оны 1866 жылы 6 тамызда Эдуар Стефан Марсель обсерваториясында ашты. Ол ашқан екі астероидтың біріншісі.

V ғасырда өмір сүрген әулие Корсикалық Юлиянің құрметіне орай аталды.

thumb|450px|center|Күн жүйесіндегі орны thumb|450px|center|Эклиптикадан ауытқуы Нонца кратері және Юлия жанұясы Чилидегі Very Large Telescope көмегімен түсірілген суретте астероидтың диаметрі 70–80 шақырымдай болатын кратері бар екені анықталды. Ғалымдар оған Нонца деген атау берді: аңыз бойынша Корсикалық Юлия Нонца қаласының маңында қастандықпен өлтірілді.

Есептеулерге сәйкес, бұл кратер өлшемдері 8 шақырымға дейін баратын басқа астероидпен соқтығысқанда пайда болды. Соқтығысу нәтижесінде (89) Юлия астероиды маңайында шамамен 33 астероидтан тұратын Юлия жанұясы қалыптасты. Бұл соқтығысу 30–120 млн жыл бұрын орын алған деп саналады.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1—100) (91) Эгина Санат:Астероидтар