Орыс православие шіркеуі (ОПШ; ), кейде Мәскеу патриархаты () — орыс православиесінің автокефалиялық шіркеуі. Шіркеудің Ресейде 194 епархиясы бар. Шіркеуге Мәскеу және Бүкіл Русь патриархы басшылық етеді.

988 жылы Ресейдің Ұлы кінәзі Ұлы Владимирдің және оның халқын шомылдыру рәсімінің өткізілуімен, Константинополь патриархы қалауымен Русь шоқынуы басталды. Киев және бүкіл Русь митрополиті деген атақ 1686 жылға дейін Бүкіләлемдік патриархаттың құзырында болды.

Қазіргі уақытта ОПШ өзін бұрынғы Кеңес Одағына мүше республикаларда тұратын (Грузияны қоспағанда) этникалық тегіне қарамастан шығыс православиелік христиандарға қатысты ерекше юрисдикцияға ие орган ретінде қарастырады. ОПШ, сонымен қатар, автономиялы Жапония және Қытай православие шіркеулерін құрды. Беларусь пен Латвиядағы ОПШ епархиялары, 1990 жылдары Кеңес Одағы құлағаннан бері, ресми шіркеулік автономия мәртебесіне жетпейтініне қарамастан, әртүрлі дәрежедегі өзін-өзі басқаруға құқылы.

Ресейдің Украинаға басып кіруіне деген шіркеудің араласуы 2022 жылы бұрын құрамында болған Украин және Латыш православие шіркеулерінің одан бөлінуіне әкелді.

ОПШ-ны Америка Құрама Штаттарында негізделген Шетелдегі Орыс православие шіркеуімен (ШОПШ) шатастырмаңыз. ШОПШ-ны 1920 жылдары КСРО сыртындағы орыстар диаспорасы құрған болатын. Олар Мәскеу патриархатын танудан бас тартты да, оларға де-факто патриарх Сергий (Страгородский) басшылық етті. Екі шіркеу 2007 жылғы 17 мамырда қайта бірікті де, ШОПШ енді — ОПШ құрамындағы өзеркі шіркеу.

Қазақстан православие шіркеуін де ОПШ басқарады. Оған Астана және Қазақстан митрополиті Александр (Могилёв) басшылық етеді.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Шіркеудің ресми сайты

Санат:Халықаралық діни ұйымдар