Халықтар Достығы ордені () — КСРО мемлекеттік марапаттарының бірі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1972 жылы 17 желтоқсанда КСРО-ның құрылуының 50 жылдығын атап өту үшін жарлығымен бекітілген. Орденнің ережесі КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1980 жылғы 18 шілдедегі жарлығымен бірен-саран өзгертілді. Орденнің нобайын — суретші Александр Борисович Жук жасады. Орден 1991 жылы КСРО ыдырауымен жойылды; 1992-1994 жылдар аралығында Ресей Федерациясының Халықтар Достығы ордені ретінде болды.

Орден ережесі КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1972 жылғы 17 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Халықтар достығы орденінің ережесі келесідей болды: 1. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрылуының 50 жылдығына орай социалистік ұлттар мен халықтар арасындағы достық пен бауырластық ынтымақтастықты нығайтудағы зор еңбегі үшін, сондай-ақ КСРО мен одақтас республикалардың экономикалық, әлеуметтік-саяси және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапаттауға Халықтар достығы ордені белгіленді.

2. Халықтар достығы орденімен осылар марапатталады: — КСРО азаматтары; — кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, әскери бөлімдер мен құрамалар, одақтас және автономиялы республикалар, өлкелер, облыстар, автономиялы облыстар, автономиялы округтер, қалалар. Халықтар достығы орденімен КСРО азаматтары емес адамдарды да марапаттауға болады.

3. Халықтар достығы орденімен марапатталады: — социалистік ұлттар мен халықтар арасындағы достық пен бауырластық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін; — КСРО мен одақтас республикалардың халық шаруашылығын дамыту саласындағы үлкен еңбек жетістіктері үшін; — КСРО ұлттық-мемлекеттік құрылысына сіңірген еңбегі үшін; — ғылымды дамытудағы, социалистік ұлттар мен халықтардың мәдениеттерін жақындастыру мен өзара байытудағы ерекше жемісті еңбегі, сондай-ақ кеңес адамдарын пролетарлық интернационализм, Кеңес Отанына берілгендік пен адалдық рухында тәрбиелеуге белсенді қатысқаны үшін; — КСРО қорғаныс күшін нығайтудағы ерекше еңбегі үшін; — социалистік елдер халықтары арасындағы бауырластық достық пен ынтымақтастықты дамытудағы, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы зор еңбегі үшін.

4. Халықтар достығы ордені кеуденің сол жағына және Еңбек Қызыл Ту орденінен кейін тағылады.

Орденнің сипаттамасы Төменде КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1972 жылғы 17 желтоқсандағы жарлығына сәйкес орденнің сипаттамасы берілген. Халықтар достығы ордені күмістен жасалған және күміс пирамидалық жақтаулармен және шашыраңқы алтын сәулелердің бес шоғырымен қоршалған, қою қызыл эмальмен қапталған, сәл дөңес, алтын жалатылған, бесбұрышты жұлдыз болып табылады.

Жұлдыздың ортасында КСРО Мемлекеттік елтаңбасының алтын жалатылған қондырмасы орналасқан, оның жеке бөлшектері түрлі-түсті эмальмен қапталған. Елтаңба қол алысу бейнеленген жапсырма тоғыншақпен көмкерілген, тоғыншақтың төменгі жағында «КСРО» () деген жазуы бар қою қызыл эмальмен қапталған алтын жалатылған жапсырма таспа орналасқан.

КСРО Мемлекеттік елтаңбасы мен ақ эмаль аясындағы тоғыншақтың арасында жоғарғы бөлігінде «Халықтар достығы» () деген жазу жазылған, ал төменгі және ортаңғы бөліктерінде — жасыл эмальмен қапталған лавр бұтақтары орналасқан.

Күміс пирамидалық жақтаудың қарама-қарсы ұштары мен алтын сәулелер шоғыры арасындағы орденнің өлшемі 47 мм. Орден құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның ортасында екі жіңішке бойлық сары жолағы бар ені 13 мм болатын бойлық қызыл жолақ орналасқан. Қызыл жолақтың сол жағында көк жолақ, ал оң жағында - әрқайсысының ені 4 мм болатын жасыл жолақтар орналасқан. Таспаның шеттері ені 1,5 мм болатын ақ жолақтармен жиектелген. Ордендерге сериялық нөмір қойылып нөмірленді. Нөмір орденнің артқы жағында «Ақша сарайы» () деген жазудың астына орналастырылды.

Ресей Федерациясының Халықтар Достығы ордені

1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Халықтар достығы ордені КСРО-ның мемлекеттік марапаты ретінде болуын тоқтатты, әйтсе де, 1992 жылы 2 наурызда Ресей Федерациясы Жоғарғы Кеңесі Төралқасының №2424-1 Жарлығымен Ресей Федерациясының мемлекеттік марапаты ретінде қайта қалпына келтірілді. Бұл ретте, ресейлік орденінің сыртқы келбеті аздап өзгертілді. Алдыңғы жағында КСРО елтаңбасының орнына РКФСР елтаңбасы бейнеленді. Сондай-ақ алдыңғы жағындағы қызыл таспадан «КСРО» деген жазу да алынып тасталды. Ресейлік орденінің артқы жағы іс жүзінде өзгеріссіз қалды; дегенмен, ресейлік ордендерде төрт таңбалы нөмірлеу жүйесі қолданылды, жетіспейтін бастапқы нөмірлердің сұрыптарының орнын басу үшін «0» санын қолданды.

Ресей Федерациясы Халықтар Достығы орденінің алғашқы марапаттау рәсімі 1992 жылы 25 наурызда болып, ордендер: К.-Д. Фладе мен Р. Эвальд — неміс және С. Крикалев пен А. Волков — ресейлік ғарышкерлерге берілді.

Орден 1994 жылдың 2 наурызына дейін қолданылды, содан кейін Ресей Федерациясы Президентінің жарлығымен Достық орденімен ауыстырылды. Ресей Федерациясының Халықтар достығы ордені марапатын барлығы 1212 адам иеленді, оның ішінде 40-ы 13 елден келген шетелдік азаматтарға (ТМД-ны есептемегенде) табысталды. Достық ордені құрылғаннан кейін біраз уақыт бойы Халықтар достығы ордені марапаттарының берілуі жалғасты (атап айтқанда, 1994 жылдың 29 наурызында марапат журналист В.В. Познерге, ал 1994 жылдың 25 мамырында жазушы Л.М. Леоновқа табысталды).

Марапаттау статистикасы Орденнің алғашқы марапаттары 1972 жылы 29 желтоқсанда берілді. Бұл күні КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының жарлығымен Халықтар достығы ордені КСРО-ның он бес одақтас республикасына, КСРО-ның барлық автономиялы республикаларына, барлық автономиялы облыстарға және ұлттық округтерге (барлығы 53 марапат) берілді. Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы (РКФСР) №1 Халықтар достығы орденімен, ал Украина КСР №2 орденімен марапатталды.

Халықтар достығы орденімен марапатталған алғашқы азаматтар азаматтық авиация қызметкерлері болды. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1973 жылғы 9 ақпандағы жарлығымен олардың үлкен тобы (барлығы 199 адам) марапатталды.

Халықтар достығы орденімен марапатталған қоғамдық ұйымдар: Кеңестік әйелдер комитеті (1973 жылдың 6 наурызы, № 54) Кеңестік әлімді қорғау комитеті (1974 жыл) КСРО сауда-өнеркәсіп палатасы (1982 жыл) және т.б. Украина КСР ғылым академиясы Беларус КСР ғылым академиясы Эстон КСР ғылым академиясы Қырғыз КСР ғылым академиясы Армян КСР ғылым академиясы Әзербайжан КСР ғылым академиясы

Халықтар достығы орденімен марапатталған кәсіпорындар мен ұйымдар: Кеңестік Дунай кеме шаруашылығы (1983) «Киров зауыты» Ленинград өндірістік бірлестігі (1976 жылдың 30 сәуірі) Біріккен ядролық зерттеулер институты

Халықтар достығы орденімен марапатталған білім беру мекемелері: Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясы Ресей халықтар достығы университеті ГИТИС Витебск мемлекеттік медициналық университеті Ростов мемлекеттік медициналық институты Қазан ұлттық зерттеу техникалық университеті Н.П. Огарев атындағы Мордовия мемлекеттік университеті

Халықтар достығы орденімен марапатталған әскери бөлімшелер: Кеңес Одағының Батыры А.К. Серов атындағы Халықтар достығы орденінің Краснодар әскери біріккен ұшу-техникалық мектебі

Халықтар достығы орденімен марапатталған газеттер мен журналдар: «Литературная газета» (1979) «Московские новости» газеті (1980) «Пионерская правда» газеті (1985) «Вокруг света» журналы (1982) «Гражданская авиация» журналы «Звезда Востока» журналы «Дальний Восток» журналы «Международная жизнь» журналы «Советиш геймланд» журналы

Халықтар достығы орденімен марапатталған мәдени ұйымдар: Ленинградтық цирк (1978) «Ромэн» Мәскеу сыған театры (1981) КСРО халық би ансамблі (1981) В. И. Ленин атындағы «Артек» Бүкілодақтық пионер лагері (1975) РҒА Н. Н. Миклухо-Маклай атындағы этнология және антропология институты

Бұл марапатқа ие болған қалалар: Плевен (1977) Переяслав-Хмельницкий (1979) Тарту (1980) Димитровград, Киев, Южно-Сахалинск (1982) Георгиевск, Ленинакан (1984) Кагул, Ленинабад, Лениногорск (1986) Балқаш (1987) Ялта (1988)

Осы марапатқа ие болған Ресейдің аймақтары: Ненец ұлттық округі (1972) Дағыстан АКСР (1972) Қалмақ АКСР (1979)

Халықтар достығы орденімен марапатталған мұражайлар: Краснодон қ. Жас гвардия мұражайы

БКСР орденімен марапатталды.

Бұл орденмен марапатталған алғашқы шетелдік азамат Оңтүстік Вьетнам Республикасының Уақытша революциялық үкіметінің Сыртқы істер министрі Нгуен Тхи Динь (1973 жылы 7 наурыз) болды.

КСРО тарихында Халықтар достығы орденімен марапатталған соңғы адам — Қазақстанның «Құрылыс материалдары» мемлекеттік акционерлік өнеркәсіптік концерні Қазақ тау-кен-геологиялық экспедициясының тау-кен-геологиялық партия басшысы Кәміл Зәкірұлы Уәлиев. Ол бұл марапатпен КСРО Президентінің 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлығымен марапатталды.

1972 жылдың 17 желтоқсаны мен 1991 жылдың 21 желтоқсаны аралығында барлығы 72 761 адам КСРО Халықтар Достығы орденімен марапатталды. 1992 жылдың 2 наурызы мен 1994 жылдың 28 қазаны аралығында тағы 1212 адам Ресей Федерациясының Халықтар Достығы орденімен марапатталды.

Әдетте, марапат бір рет берілді, дегенмен бірқатар марапатталушылар кейіннен Халықтар достығы орденіне қайтадан ұсынылды.

Егде жастағы марапатталғандар КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1982 жылғы 24 мамырдағы Жарлығымен Серго Орджоникидзе атындағы Новочеркасск политехникалық институтының профессор-кеңесшісі Иван Федорович Пономарев химия ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі, көпжылдық жемісті оқытушылық жұмысы үшін және туғанына жүз жыл толуына байланысты Халықтар достығы орденімен марапатталды.

Екі Халықтар достығы орденімен марапатталған Спартак Иванович Беглов (1924—2006), халықаралық жорналшы (6 қыркүйек 1974; 14 қараша 1980) Георгий Петрович Бердников (1915—1996), әдебиеттанушы (13 мамыр 1981; 16 қараша 1984) Виктор Кузьмич Бойченко (1925—2012), КСРО Шетелдік туризм жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары, Кеңес Одағының Батыры (28 мамыр 1976; 21 ақпан 1986) Владимир Михайлович Виноградов (1921—1997), КСРО Төтенше және Өкілетті Елшісі (1974; 27 желтоқсан 1977) Гюйо Раймон (1903—1986), француздық қоғам қайраткер (16 қараша 1973; 11 қаңтар 1985) Константин Константинович Иванов (1907—1984), кеңестік сазгер және дирижер (26 мамыр 1977, 1983) Виталий Никитич Игнатенко (род. 1941), жорналшы (1975; 14 қараша 1980) Геннадий Алексеевич Исаков (1926—2009), Вятскополян аудандық атқару комитетінің төрағасы (17 наурыз 1981; 17 шілде 1986) Сергей Алексеевич Капустин (1953—1995), хоккейші, 1976 жылғы Олимпиада чемпионы (7 шілде 1978; 22 мамыр 1981) Сергей Андреевич Лосев (1927—1988), ТАСС бас директоры (11 шілде 1975; 14 қараша 1980) Ким Николаевич Селихов (1929—1988), кеңес жазушысы. Владимир Ильич Степаков (1912—1987), КСРО Төтенше және Өкілетті Елшісі (27 желтоқсан 1977; 11 маусым 1982) Владимир Тимофеевич Степанов (1 наурыз 1928 — 22 шілде 2014) — кеңестік мемлекет және партия қайраткері, Қазақстан КП Солтүстік Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы. Иван Иванович Удальцов (1918—1995), тарих ғылымдарының докторы, КСРО Төтенше және Өкілетті Елшісі, Славянтану институтының директоры, «Новости» баспасөз агенттігінің министр дәрежесіндегі төрағасы (15 наурыз 1978; 11 наурыз 1988) Гэс Холл (1910—2000), американдық қоғам қайраткері(7 қазан 1975; 6 қараша 1980) Павел Андреевич Цюрупа (1927—2010), «Amtorg Trading Corporation» төрағасының орынбасары.

КСРО және Ресей Федерациясында Халықтар достығы орденімен марапатталғандар Фазу Гамзатовна Алиева (1932—2016), ақын, прозашы және публицист (10 қаңтар 1983; 21 маусым 1994). Виктор Петрович Астафьев (1924—2001), жазушы, прозашы және драматург (7 тамыз 1981; 25 сәуір 1994). Борис Львович Васильев (1924—2013), жазушы (16 қараша 1984; 27 мамыр 1994). Пелагея Яковлевна Кочина (1899—1999), гидродинамик-ғалым (11 мамыр 1979; 6 мамыр 1994). Анфиса Анатольевна Резцова (1964—2023), биатлоншы және шаңғышы (15 маусым 1988; 1994) Мечеслав Иванович Сенкевич (1937—2014), Ресейдің Төтенше және Өкілетті Елшісі (1 қазан 1982; 23 қараша 1993).