Украина православие шіркеуі (УПШ; ), не Украина Әзірет шіркеуі () — Украинадағы Шығыс православие шіркеуі. 2019 жылғы 6 қаңтарда Константинополь патриархы бұл шіркеуге автокефалия мәртебесін берді.

Шығыс православие шіркеулерінің кейбірі УПШ-ны Киев митрополиясының жалғыз ізбасары деп таниды.

УПШ-ны 2018 жылғы 15 желтоқсанда Константинополь Бүкіләлемдік патриархаты басқарған Бірлестіруші собор Киевте құрған болатын. Кейін Константинополь патриархы I Варфоломей шіркеуге автокефалия томосын берді. Бірлестіруші собор УПШ-ны құру үшін Киев патриархатының Украин православие шіркеуін және Украин автокефалиялық православие шіркеуін біріктірді. Мәскеу патриархаты Украин православие шіркеуінің (УПШ–МП) екі епископы УПШ құрамына кірді де. Бірлестіруші шіркеуі Переяслав-Хмельницкий және Белая Церковь митрополиті Епифаний Думенконы УПШ күтушісі мен Киев және бүкіл Украина митрополиті етіп сайлады.

Собор, оған қоса, «православ диаспорасының украин православ христиандары» Бүкіләлемдік патриархаттың епархиялық епископтарына бағынсын деп шешті (4-бап). Бұйрық УПШ автокефалиясы айтылған томосында да айтылған. 2019 жылғы наурызда митрополит Епифаний бұрынғы Киев патриархаты шіркеулерінің Константинополь патриархаты бағынуына көшкені басталып қойған деді.

УПШ негізделуі мен бірнеше православие шіркеулерінің оны автокефалия қылып тануына Орыс православие шіркеуі, сондай-ақ Ресей үкіметі қарсы шықты.

Бірнеше дереккөзге сүйенсек, УПШ — Украинадағы махалласы ең үлкен шіркеу. Басқа дереккөздер бұл ерекшелікті УПШ–МП шіркеуіне береді. Шіркеулердің екеуі де өзін жалғыз толығымен тәуелсіз және автономиялы шіркеу деді. Sample of 2,018 respondents aged 18 years and over, interviewed 25–30 March 2016 in all regions of Ukraine except Crimea and the occupied territories of the Donetsk and Luhansk regions. 2024 жылғы тамызда Украина президенті Владимир Зеленский Орыс православие шіркеуіне және оған бағынатын УПШ–МП шіркеуіне тыйым салатын заңға қол қойды. Православие шіркеуіне «Орыс православ шіркеуімен байланысты үзу үшін» 9 ай уақыт берілді.

Атауы Шіркеудің ресми атауы — «Украина православие шіркеуі» (алайда «Украин православие шіркеуі» атауы да қолданылуға рұқсат). Басшысының ресми титулы — «Оның Зейнеті [есімі] Киев және бүкіл Украина митрополиті». УПШ автокефалия томосы УПШ-ны «Украина Ең киелі шіркеуі» дейді.

2019 жылғы 30 қаңтарда УПШ «(Украина православие шіркеуінің) Украин православие шіркеуінің Київ митрополиясы» () атауымен ресми түрде заңи тіркелді. Мәдениет министрлігі Дін істері департаментінің басшысы Андрей Юраш бұл атауды осылай түсіндірді: «Бұл екі термин [Украина және Украин ПШ] синонимдер ретінде қолданылатын болады және Фанар осымен келісті».

2020 жылғы 15 желтоқсандағы жыл сайынғы жолдауында митрополит I Епифаний «Украин автокефалиялық православие шіркеуі», «Украин православие шіркеуі — Киев патриархаты» және «Киев патриархаты» атауыларының шіркеуге қолданылуға рұқсат екенін айтты.

Танылуы УПШ-ны осы православие шіркеулері таниды: Константинополь (Бүкіләлемдік патриархат) Александрия патриархаты Грекия шіркеуі Кипр шіркеуі

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Украина православие шіркеуі Санат:2018 жылы Украинада пайда болғандар Санат:2018 жылдағы дін Санат:2018 жылы пайда болған ұйымдар