Нетурей карта (иудей-арамейше: , Nāṭōrē Qartāʾ, Қала қорғаушылары) — еврей антисионист ұйымы, 1938 жылы Иерусалимде негізделді, қазір көбіне Израиль мен Батыс әлемінде жұмыс істейді. Ұйымды ескі ишув мүшелері болған хареди еврейлер негіздеген болатын. Ұйымның мүшелері діни консерватизмі мен тұйық өмір салты үшін белгілі. Нетурей картаның саяси активизмі қазір негізінен Израиль мен Батыс елдерінде әрекет етеді, оған себебі — еврейлердің Мессия келгеніне дейін қуылуда болуы қажет деген діни сенімі.
Нетурей карта мүшелері Израильдің құрылуы Құдайға қарсы болды деп санайды, себебі ол еврей қуылуын зайырлы түрде тоқтатты, сонымен бірге діни заңмен толық басқарылмайтын еврей мемлекетін негіздеді. Ұйым еврей халқын Киелі жерге тек Мессия ғана қайтара алады деп сенеді. Осылайша, ол Израильді мойындамайды және Израильдің легитимдігін мойындамайтын немесе оған қарсы ұйымдармен байланыс орнатады. Израиль-Палестина қақтығысына келетін болсақ, Нетурей карта Киелі жерде бір палестиналық мемлекет болсын дейді.
Нетурей картаның ұстанымы танымал емес делінеді, тіпті харедим қатарында да.Топты маргиналдық дейтін дереккөздер: Сионизмге қарсы бірқатар ортодокс еврей қозғалыстары Нетурей картаны Иран үкіметімен, неонацистермен және Холокостты мойындамайтындармен қарым-қатынас орнатуға тырысқаны үшін бірнеше рет сынға алды, әсіресе Нетурей карта мүшелері 2006 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мен халықаралық қауымдастықтың көп бөлігі айыптаған Холокосттың жаһандық көзқарасын қайта қарау жөніндегі халықаралық конференцияға қатысқаннан кейін.
Дереккөздер
Санат:Антисионист ұйымдары Санат:1935 жылы құрылған ұйымдар Санат:Ортодокс иудаизм