Айгүл Жұмабекқызы Әуелбаева (Қуанышева) (29 қыркүйек 1984 жыл, Аягөз, Семей облысы) — қазақстандық заңгер, кәсіпкер және әлеуметтік белсенді.
Өмірбаяны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және KIMEP университетін тәмамдап, халықаралық құқық магистрі (LL.M) дәрежесін алған. Кәсіби еңбек жолын прокуратурада бастап, кейіннен гидрогеология, құрылыс, қонақүй және білім беру бизнесінде басқарушылық қызмет атқарған. 2015 жылдан бастап «АлматыГидроГеология» ЖШС-нің Бас директордың орынбасары қызметін атқарадыhttps://yandex.kz/maps/ru/user/d54ggb9gchadjkz15ypfa528j8?ll=68.676347%2C44.294764&z=8. Ол цифрландыру, корпоративтік басқару және жер-құқық қатынастарының заңнамалық негіздерін жетілдіру бойынша ғылыми және практикалық жобаларды жүзеге асырудаhttps://legalpro.kz/auelbaeva-ajgul-zhumabekovna/?ysclid=mih70tkhv6361763993.
Марапаттары
Қ.Р. Президентінің алғыс хаты; Бауыржан Момышұлы атындағы " Батыр шапағаты" төс белгісінің иегері; Салалық және өңірлік деңгейдегі алғыс хаттар мен құрмет грамоталары; Кәсіпкерлік және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін марапаттар; Білім және әлеуметтік саладағы белсенділігі үшін қоғам тарапынан тану.
Шығармашылығы
Авторлық мақалалар мен құқықтық зерттеулердің авторы; Цифрландыру мен мемлекеттік институттардың трансформациясы тақырыбында ғылыми еңбектердің зерттеушісі; Қоғамдық және білім беру жобаларының бастамашысы және ұйымдастырушысы.
Жеке өмірі Тұрмыста, екі баланың анасы. Дереккөздер